Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Әкімшілік ғимараттың қасбетін күрделі жөндеуге техникалық қадағалау бойынша қызметтерді сатып алу

№ п/п: 13660

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 30.06.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 07.07.2020 17:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, L02B9P3, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 16/1-үй, Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Әкімшілік ғимараттың қасбетін күрделі жөндеуге техникалық қадағалау бойынша қызметтерді сатып алу өтетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

2. Сатып алынатын қызметтің атауы: Орал қаласы, Досмухамедов көшесі, 16/1 мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимараттың қасбетін күрделі жөндеуге техникалық қадағалау

3. Қызметтерді сатып алу  үшін бөлінген сома - ҚҚС сомасын есептемегенде, 3 176 798,00 (үш миллион бір жүз жетпіс алты мың жеті жүз тоқсан сегіз) теңге 00 тиын.

4. Сатып алынатын қызметтердің саны (көлемі), мерзімдері, сондай-ақ сатып алынатын қызметтердің техникалық сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар, орындау орны мен мерзімдері, сондай-ақ төлеу шарттары мен тәртібі қоса беріліп отырған елеулі талаптары көрсетіле отырып, қызметтерді сатып алу туралы шарттың жобасында көрсетілген. (Шарт жобасы қоса беріледі).

5. Орындалатын қызметтердің техникалық сиапаттамасы (нұсқамасы): Шарт жобасына қоса беріледі;

6. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстарын табыс ету орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, L02B9P3, Орал қ. Ж.Досмұхамедов көшесі 16/1. Әкімшілік – шаруашылық бөлімі, 209-кабинет;

7. Баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі – 2020 жылғы 30 маусым күні сағат 09.00-ден бастап 2020 жылғы 07 шілде күні сағат 17.00- ге дейін.

8. Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны - Баға ұсыныстары бар конверттер ҚРҰБ РММ БҚФ, Орал қ. Ж.Досмұхамедов көшесі 16/1, Әкімшілік – шаруашылық бөлімі, 209-кабинет мекенжайы бойынша: 2020 жылғы 08 маусым күні сағат 10:00-ден бастап ашылатын болады. тел. 554-534.

9. Ақы төлеу талаптары –  Тапсырыс беруші Шарт бойынша  ақы төлеуді Тараптардың жауапты тұлғалары Қызмет көрсету актісіне қолдарын қойғаннан кейін және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған соң 10 (он) жұмыс күнінің iшiнде нақты орындалған Қызметке Жеткізушінің банк шотына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырылады.

10. Маңызды талаптар, соның ішінде техникалық сипаттамасы көрсетілген Шарттың жобасына қоса берілді.

11. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс етуі өткізілетін сатып алудың талаптарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, жұмысты жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.

12. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, бiр ғана баға ұсынысын табыс етеді.

13. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге жұмыстарды орындауға техникалық ерекше нұсқаманы ұсынуы тиіс.

14. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары бар конверттерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін Әлеуетті жеткізуші қызмет көрсетуге техникалық ерекшелігімен қоса мөрленген конвертте пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынылады.

15. Әлеуетті жеткізуші мөрленген конверттің беткі жағында:

  1. Әлеуетті жеткізушінің атауы және пошталық мекенжайы;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайы;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін сатып алулардың атауы.

16. Шартқа қол қойған кезде Әлеуетті жеткізуші мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

  •  Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
  •  ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салық салынса));

- Толық деректемелері көрсетілген банктен анықтама;

- Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;

- Рұқсат беру құжаттары аталған қызметтер көрсету бөлігіне сәйкес 1-баптың 5-тармағының 34-4 Қазақстан Республикасының Заңы 16 шілде 2001 жылғы n 242 "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" Қазақстан Республикасындағы олар растайды қызметті жүзеге асыру объектілерінде бірінші деңгейдегі жауапкершілік.

Шарт жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.

17. Қосымша ақпаратты 8-7112-554534  телефоны арқылы алуға болады.

Жүргізілген сатып алу қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға