Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Әкімшілік ғимараттың қасбетін күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу

№ п/п: 13659

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 29.06.2020 08:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 09.07.2020 17:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Сатып алуды ұйымдастырушы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан филиалы, L02B9P3, БҚО, Орал қ., Ж.Досмухамедов көшесі, 16/1 үй, байланыс телефоны: +77112 55-45-34, e-mail: URA_80@nationalbank.kz., Батыс Қазақстан филиалының «әкімшілік ғимаратының қасбетін күрделі жөндеу» бойынша жұмыстарды(бұдан әрі-Жұмыс) сатып алу тендер тәсілімен өткізілетіндігі туралы  хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады:  

Тендер талаптары:

1. Сатып алынатын Жұмыстардың  аты, олардың көлемі мен тендерге бөлінген сомасы, осы тендер талаптарының 1-қосымшасында көрсетілген.

2. Сатып алынатын Жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасы осы тендер талаптарының 2-қосымшасында көрсетілген.

3. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы осы тендер талаптарының 3-қосымшасында көрсетілген.

4. Жұмыстарды орындау орны: Орал қ., Ж.Досмухамедов көшесі, 16/1 үй.

5. Жұмыстарды орындау мерзімі: Шарт бойынша Жұмыстарды  толық көлемде орындаудың жалпы мерзімі 10(он ) ай.

6. Тендерлік өтінімді ұсыну және ресімдеу тәртібі ҚР ҰБ Басқармасының  2018 жылғы 27 тамыздағы № 192  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі Қағидаларының(бұдан әрі-Қағида) 4  бөлімінің 4 параграфындағы талаптармен көрсетілген.

Тендерлік өтінімді әлеуетті жеткізуші немесе оның уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушыға қолма –қол немесе  тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып конвертке салып келесі мекен-жайы бойынша ұсынады(жібереді): L02B9P3, Орал қ., Ж.Досмухамедов көшесі, 16/1 үй.

7. Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету жұмыстарды сатып алу үшін  көрсетілген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде Қағидалардың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде енгізіледі:

«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, ЖСК: KZ14125KZTL008100100 «ҚР Ұлттық Банкі» РММ, БСН 961041000016, БСК: NBRKKZKX, валюта шоты: теңге, КБе 13.

Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету қамтылмаған барлық тендерлік өтінімдер Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген болып тендерлік комиссиямен кері қайтарылады.

8. Тендерлік өтінімді берудің түпкілікті мерзімі 2020 жылғы 09 шілде 17 сағат 00 минутқа дейін (қоса есептегенде) мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: Орал қ., Ж.Досмухамедов көшесі, 16/1 үй, №209-кабинет.

Тендерлік өтінімдер 2020 жылғы 10 шілдеде 10 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша: Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1 үй, №209-кабинетте ашылады.

9. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2020 жылғы 01 шілде 17 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, Батыс Қазақстан филиалы, Орал қ., Ж. Досмухамедов көшесі, 16/1 үй, байланыс телефоны: +7 7112 55-45-34, e-mail:  URA_80@nationalbank.kz.

10. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

  1. тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет - ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;
  2. тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен хабарлайды.

12. Сатып алуды ұйымдастырушы:

  1. 2020 жылғы 03 шілдеде 17 сағат 00 минут кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.
  2. Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында www.natiоnalbank.kz. тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.
  3. Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын ұзартылады.

13. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.

Тендерлік комиссия хатшысы: Әкімшілік шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары Бисимбалиева Жемыс Сабыргалиевна, 8 (7112) 55-45-34, ішкі 2969.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға