1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Атырау филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылыстарын күрделі жөндеу жұмыстарын сатып алу

№ п/п: 13655

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 22.06.2020 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 07.07.2020 17:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Тендер талаптарымен тендер өткізу туралы
хабарландыру
Атырау филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылыстарын 
күрделі жөндеу жұмыстарын сатып алу бойынша

(сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы)

Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, Е02Н9В1, Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а, berikbol.kanatov@nationalbank.kz, Атырау филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылыстарын күрделі жөндеу жұмыстарын сатып алу бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.

Тендер талаптары:

  1. Орындалатын жұмыстардың көлемі, сатып алу бойынша аталған тендерге  бөлінген сома: 1 жұмыс, ҚҚС сомасын есептемегенде 157 994 021,11  (бір жүз елу жеті миллион тоғыз жүз тоқсан төрт мың жиырма бір) теңге 11 тиынды  құрайды;
  2. Сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасы және әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін бағалау өлшемшарттары және олардың маңыздылығының шамалары: қоса тіркеледі (5 парақта).
  3. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы: қоса тіркеледі (14 парақта);
  4. Жұмыстарды орындау орны мен көлемі: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, Е02Н9В1, Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а, 1 жұмыс;
  5.  Жұмыстардыы орындаудың талап етілген мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап 60 (алпыс) жұмыс күнді құрайды.

Тендерге қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері қолына не тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып мына мекенжай бойынша: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, Е02Н9В1, Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а206 кабинетіне сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.

  1. Тендерге қатысуға өтінім берудің түпкілікті мерзімі 07.07.2020 жылғы, 17 сағат 00 минут дейін, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, Е02Н9В1, Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а206 кабинеті мекенжайы бойынша қабылданады.
  2. Тендерге қатысуға өтінімдер 08.07.2020 жылғы, 10 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, Е02Н9В1, Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а311 кабинетінде ашылады.
  3. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 02.07.2020 жылғы, 17 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, Е02Н9В1, Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а206 кабинет немесе  berikbol.kanatov@nationalbank.kz электрондық поштасына, телефон+7(7122) 556-518,

  1. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
  1. тендер тәсілімен электрондық сатып алуды өткізген кезде тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;
  2. тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы не сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен сатып алу порталы арқылы автоматты түрде хабарлайды.
  1. Сатып алуды ұйымдастырушы 03.07.2020 жылғы, 17 сағат 00 минуттан кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.

Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын ұзартылады.

  1. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе)
    53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы +7(7122) 556-518  телефон арқылы алуға болады.

Тендерлік комиссия хатшысы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалының әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жетекші маман-инженер-энергетик - Қанатов Берікбол Жұмабайұлы.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға