1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қостанай филиалының аумағын және қоршауларын ағымдағы жөндеу бойынша, ҚРҰБ Қостанай филиалының әкімшілік ғимаратының желдету жүйесіне күрделі жөндеу және ҚРҰБ Қостанай филиалының күзет пункті мен көлікжайлардың жылу жүйлерін, резервтік автономиялық жылумен қамтамасыз ету пунктін және аумағы ішіндегі жылу трассасына күрделі жөндеу бойынша жұмыстарын сатып алулар

№ п/п: 13652

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 11.06.2020 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 23.06.2020 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Қостанай филиалының аумағын және қоршауларын ағымдағы жөндеу бойынша, ҚРҰБ Қостанай филиалының әкімшілік ғимаратының желдету жүйесіне күрделі жөндеу және ҚРҰБ Қостанай филиалының күзет пункті мен көлікжайлардың жылу жүйлерін, резервтік автономиялық жылумен қамтамасыз ету пунктін және  аумағы ішіндегі жылу трассасына күрделі жөндеу бойынша жұмыстарын сатып алуларды
тендер талаптарымен тендер өткізу туралы
хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі" республикалық мемлекеттік мекемесінің Қостанай филиалы (бұдан әрі - Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы), P01E1A6, Қазақстан Республикасы,  Қостанай облысы, Қостанай қ., Баймагамбетова көш, 195, БСН: 960941001004, Банк деректемелері: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ, ЖСК: KZ34125KZTP004100100, БСК: NBRKKZKX, шот валютасы: теңге, КБе: 13., байланыс телефоны: +7 (7142) 99-09-10, 99-09-27, e-mail: kost_12@nationalbank.kz, мынадай жұмыстарды Қағидаларға [1]  сәйкес:

  • №1 лот бойынша - Қостанай филиалының аумағын және қоршауларын ағымдағы жөндеу;
  • №2 лот бойынша - ҚРҰБ Қостанай филиалының әкімшілік ғимаратының желдету жүйесіне күрделі жөндеу;
  • №3 лот бойынша - ҚРҰБ Қостанай филиалының күзет пункті мен көлікжайлардың жылу жүйлерін, резервтік автономиялық жылумен қамтамасыз ету пунктін және  аумағы ішіндегі жылу трассасына күрделі жөндеу жұмыстарын сатып алулар бойынша тендерлер өткізілетіні туралы хабарлайды.

Тендер талаптары:

  1. орындалатын жұмыстардың көлемі, жұмыстарды сатып алу бойынша теңгені құрайды:
  • №1 лот бойынша «Қостанай филиалының аумағын және қоршауларын ағымдағы жөндеу» ҚҚС сомасын есептемегенде - 30 108 716,96 (отыз миллион жүз сегіз мың жеті жүз он алты теңге 96 тиын) теңге;
  • №2 лот бойынша «ҚРҰБ Қостанай филиалының әкімшілік ғимаратының желдету жүйесіне күрделі жөндеу» ҚҚС сомасын есептемегенде - 78 041 594,00 (жетпіс сегіз миллион қырық бір мың бес жүз тоқсан төрт теңге 00 тиын) теңге;
  • №3 лот бойынша «ҚРҰБ Қостанай филиалының күзет пункті мен көлікжайлардың жылу жүйлерін, резервтік автономиялық жылумен қамтамасыз ету пунктін және  аумағы ішіндегі жылу трассасына күрделі жөндеу» ҚҚС сомасын есептемегенде - 30 724 167,00 (отыз миллион жеті жүз жиырма төрт мың жүз алпыс жеті теңге 00 тиын) теңге;

2. Сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасы тендер шарттарына 1-қосымшада (аумақ және қоршауларды ағымдағы жөндеуге арналған жұмыстар көлемдерінің ведомосі 1 парақта және ҚРҰБ Қостанай филиалының әкімшілік ғимаратының желдету жүйесіне күрделі жөндеу және ҚРҰБ Қостанай филиалының күзет пункті мен көлікжайлардың жылу жүйлерін, резервтік автономиялық жылумен қамтамасыз ету пунктін және  аумағы ішіндегі жылу трассасына күрделі жөндеулерге арналған жоба сметалық құжаттар ) және әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін бағалау өлшемшарттары және олардың маңыздылығының шамалары тендер шарттарына 2-қосымшада көрсетілген (6 парақта)

3. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы 62 (алпыс екі) парақта, (тендер талаптарына 3-қосымша).

4. жұмыстарды орындау орны: P01E1A6, Қостанай қ., Баймагамбетова көш, 195.

5. жұмыстарды орындаудың талап етілген мерзімі:

№1 лот бойынша - Мердігер Тапсырыс берушіден жұмысты бастау туралы хабарламаны алғаннан кейін, 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде;

№2 лот бойынша - Мердігер Тапсырыс берушіден жұмысты бастау туралы хабарламаны алғаннан кейін, 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде;

№3 лот бойынша - Мердігер Тапсырыс берушіден жұмысты бастау туралы хабарламаны алғаннан кейін, 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.

Тендерлік өтінімді ұсыну және ресімдеу тәртібі Қағиданың1 4-параграфында көзделген  Конвертке желімделген тендерлік өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол не тапсырысты почта байланысын пайдалана отырып мына мекенжай бойынша: P01E1A6, Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 195, № 306 кабинетке береді (жібереді).

Жұмыстарды сатып алу үшін бөлінген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету Қағидаларға1 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына кепілдік берілген ақшалай жарнаны енгізуді растайтын төлем құжаты түрінде енгізіледі:

- қазақстандың теңге төлемдеріне арналған: бенефициар – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ, БСН 960941001004, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ-дегі ЖСК KZ34125KZTP004100100, БСК NBRKKZKX, шот валютасы: теңге, КБе: 13.

6. Тендерге қатысуға өтінім берудің түпкілікті мерзімі 2020 жылғы «23» маусымдағы 10 сағат 00 минутқа дейін.

7. Тендерге қатысуға өтінімдер 2020 жылғы «23» маусымдағы 11 сағат 00 дейін  мына мекенжай бойынша: P01E1A6, Қостанай қ., Баймагамбетова көш, 195. №308-бөлмеде ашылады.

8. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2020 жылғы «17» маусымның 18 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: P01E1A6, Қостанай қ., Баймагамбетова көш, 195. e-mail: kost_12@nationalbank.kz.

9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

  1. тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;
  2. тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы не сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен сатып алу порталы арқылы автоматты түрде  (қажеттісін көрсету) хабарлайды.

10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2020 жылғы «19» маусымның 18 сағат 00 минуттан кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсында не сатып алу порталында (қажеттісін көрсету) тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.

Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын ұзартылады.

11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың1 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8(7142) 99-09-10, 99-09-27.

Тендерлік комиссия хатшысы ӘШБ шаруашылық-қойма меңгерушісі - Фоменко Марина Дмитриевна, тел. 8(7142) 99-09-27, ішкі телефоны -3627.


[1] 2018 жылғы 27 тамыздағы №192 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға