1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

(Арнайыкамаз) автокөлікке техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті сатып алу

№ п/п: 13651

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 11.06.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 17.06.2020 18:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) атынан (Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікке (Арнайыкамаз) техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

2. Камаз 53229 автокөлігіне техникалық бір қызмет көрсету, сомасына ҚҚС есепке алмағанда  207 142 (екі жүз жеті мың бір жүз қырық екі) теңге 86 тиын.

3. Сатып алынатын Қызметтің (Арнайыкамаз) автокөлікке техникалық ерекшеліктері қоса беріледі.

4. Жеткізушінің тұрған жері бойынша көрсетіледі, Нұр-Сұлтан қаласында Қызмет көрсетіледі.

5. Жеткізуші Қызметті автокөлікті қабылдау-тапсыру актісі бойынша қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінің ішінде көрсетеді.

6. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2020 жылғы «11» маусым 09:00 сағаттан бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі - 2020 жылғы «17» маусым 18:00 сағатқа дейін, ұсыну орны - Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинет.

7. Баға ұсыныстарын ашу – 2020 жылғы «17»  маусым, 18 сағат 15 минутта, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинетте.

8. Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші ақы төлеуді Тараптардың жауапты тұлғалары толық көлемде көрсетілген Қызмет актісіне қолдарын қойғаннан кейін және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған соң 10 (он) жұмыс күнінің ішінде Қызмет көрсету дерегі бойынша Жеткізушінің банктік шотына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырады.   

9. Елеулі талаптары көрсетілген шарттың жобасында, қоса беріледі.

10. Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген, хабарландыруда көзделген мәліметтерді, құжаттарды қамтитын қоса берілген нысан бойынша 1 (бір) баға ұсынысын ғана береді.

11. Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған соң әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

12. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын желімделген конвертте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын берудің аяқталу күні мен уақытына дейін ұсынады.

13. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар желімделген конверттің бет жағына:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. әлеуетті жеткізушінің қатысу үшін баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

14. Хабарландырудың 13-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ конверттерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін ұсынылған баға ұсынысы салынған конверт тіркеуге жатпайды және оны ұсынған тұлғаға қайтарылады

15. Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

16. Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;
  • ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің;
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасының;
  • Бірінші басшыны тағайындау бұйрығының көшірмелерін беруге міндеттенеді.
Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға