1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ілеспе жұмыстарымен сумен жабдықтау және канализация желілерін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды сатып алу

№ п/п: 13650

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 11.06.2020 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 19.06.2020 15:00

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Шымкент филиалы
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
ілеспе жұмыстарымен сумен жабдықтау және канализация желілерін күрделі
жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды
сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды

Қатысуға және баға ұсыныстарын ұсынуға шақырамыз.

  1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайы – ҚР Ұлттық Банкі РММ Шымкент филиалы (бұдан әрі - ҚРҰБ РММ ШФ), X09FOB5, Шымкент қ., Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат;
  2. Сатып алынатын Жұмыстардың атауы – ілеспе жұмыстарымен сумен жабдықтау және канализация желілерін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша Жұмыстарды сатып алу;
  3. ҚҚС сомасын есептемегенде сатып алуға бөлінген соманы көрсетумен, өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын Жұмыстардың саны:

Саны 1 (бір) Жұмыс - ілеспе жұмыстарымен сумен жабдықтау және канализация желілерін күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, бөлінген сома ҚҚС сомасын есептемегенде 7 934 485,12 (Жеті миллион тоғыз жүз отыз төрт мың төрт жүз сексен бес теңге 12 тиын) теңге. 

  1. Жұмыстардың қысқаша сипаттамасы:  Жобалау-сметалық құжаттаманы Жобалау тапсырмасына және 1.02-03-2011 «Құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі  және құрамы» ҚР ҚН-ға сәйкес әзірлеу
  2. Жұмыстарды орындау мерзімі: Шарттың жобасында көрсетілген;
  3. Жұмыстарды орындау орны: Шымкент қ., Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат, ҚРҰБ РММ ШФ.
  4. Сатып алынатын Жұмыстарға техникалық сипаттама: Шарттың жобасына №1 қосымшада (жобалау тапсырмасы) көрсетілген.
  5. Ақы төлеу талаптары: Тапсырыс беруші Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін ақы төлеуді орындалған Жұмыстарды қабылдау-өткізу актісіне екі тараптың уәкілетті өкілдері қол қойған және Мердігер ақы төлеуге арналған құжаттарды (жүкқұжат, шот-фактура) берген күннен бастап 10 (он) операциялық күннің ішінде жүзеге асырады.
  6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны:

ҚРҰБ РММ ШФ, X09FOB5 Шымкент қ., Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат, Әкімшілік-шаруашылық бөлімі, № 304 кабинет, 3-қабат.

  1. Баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі – 2020 жылғы 11 маусым сағат 10:00-ден бастап;
  2. Баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі – 2020 жылғы 19 маусым сағат 15:00-ге дейін.
  3. Баға ұсыныстарын ашу күні мен уақыты: Баға ұсыныстары салынған конверттер X09FOB5  Шымкент қ., Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат, № 304 кабинет, 3-қабат ҚРҰБ  РММ Шымкент филиалы ғимараты мекенжайы бойынша 2020 жылғы 19 маусымда сағат 15:00-де ашылатын болады.
  4. Сатып алу туралы шарттың жобасы және Баға ұсынысының нысаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшаға сәйкес қоса беріледі.

Қосымша ақпарат

1. Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген, мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтитын нысан бойынша (баға ұсынысының нысаны қоса беріледі) 1 (бір) ғана баға ұсынысын береді:  

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайын;
  2. орындалатын Жұмыстардың атауын;
  3. жұмыстарды орындауға байланысты шығыстар қосылған, ҚҚС есептемегенде Жұмыстардың жалпы құнын.

Баға ұсынысы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ресімделуі тиіс, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

4) лицензияланатын қызмет түрінің түршелері міндетті түрде бар жобалау қызметіне І санаттағы мемлекеттік лицензияны («Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).

Көрсетілген лицензиясыз жеткізуші Шарт жасай алмайды.

2. Баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары бар конверттерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін жабық конвертте қолма-қол немесе пошта арқылы беріледі. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағында:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы мен пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін, орындалатын Жұмыстардың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүдделерін білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхаты (баға ұсынысы бар конвертті сатып алуды ұйымдастырушыға беру, сондай-ақ баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсіміне жіберу) болуы тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алу жеңімпазы деп танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынуы тиіс:

  • Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салық салынса);
  • Банктен толық деректемелері көрсетілген анықтама;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар;
  • Жұмыс құнының ағымдағы бағадағы сметалық есебі;
  • Лицензияланатын қызмет түрінің түршелері міндетті түрде бар жобалау қызметіне І санаттағы мемлекеттік лицензия

5. Шарт жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.

6. Өткізілген сатып алулардың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

7.  Қосымша анықтаманы 8 (725) 299-79-20 телефоны арқылы алуға болады.

2020 ж. 10 маусым

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға