1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне техникалық қызмет көрсету қызметті сатып алу

№ п/п: 13648

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 10.06.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 17.06.2020 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Қостанай филиалы хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне техникалық қызмет көрсету қызметті сатып алуды жүзеге асыратындығы туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.    

Тапсырыс беруші және сатып алуды ұйымдастырушы – «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Қостанай филиалы, P01E1A6, Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 195.

Сатып алу үшін бөлінген сомалар көрсетілген, көрсетілетін қызметтердің көлемі: Үздіксіз электр куатын беру жүйелерін жөндеу, бір қызмет, сатып алуға бөлінген сома ҚҚС-сыз 1 178 571,43 теңге;

Сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы: - Үздіксіз электр куатын беру жүйесіне техникалық қызмет көрсету

Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы ұсынылған:

– шарт жобасында көрсетілген.

Қызметті көрсету орны: «ҚР Ұлттық банкі» РММ Қостанай филиалы, 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 195.

Қызметті көрсетудің талап етілетін мерзімі: Шартқа екі жақты Тараптар қол қойғаннан кейін және Тапсырыс берушіден жазбаша Өтінімін алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күн ішінде.

Баға ұсыныстарын ұсынуды бастау және аяқталу мерзімі - 2020 ж. «10» маусым сағат 9:00-ден 18-00-ге дейін, баға ұсыныстарын ұсынуды аяқтау мерзімі – 2020 ж. «17» маусым сағат 10-00-ге дейін,

Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны: 2020 ж. «17» маусым күні сағат 10.10 –да,  «ҚР Ұлттық банкі» РММ Қостанай филиалы, 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 195, Әкімшілік-шаруашылық бөлімі, 306-кабинеттері.

Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.

Сатып алу туралы шарттың жобасы маңызды талаптарын көрсетумен қоса беріледі.

Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысында келесі мәліметтер мен құжаттар болуы тиіс:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекен-жайы;
  2. сатып алынатын қызметтың атауы, сипаттамасы және көлемі;
  3. атқаратын қызметтың орны мен мерзімдері;
  4. ҚҚС сомасын есептемегенде, қызмет атқаруға байланысты шығындарды қоса алғанда қызметтың бірлік құны және жалпы құны;
  5. Әлеуетті жеткізуші қолын қойған техникалық ерекшеліктер және баға кестесі.      

Ұсынылатын баға ұсынысының үлгісі және бағалар кестесі қоса беріледі.

Баға ұсынысы, бағалар кестесі және техникалық ерекшеліктер жабық конвертте ұсынылады, конверттерді ашу процедурасының басталуына дейінгі уақытқа дейін жабық конверттің алдыңғы бетінде келесілер көрсетілуімен ұсынылуы тиіс:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауы және почталық мекен-жайы;
  2. сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілгенге сәйкес тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауы және почталық мекен-жайы;
  3. баға ұсыныстарын ұсынуға қатысуға арналған лоттың, қызметтың сатып алудың атауы;

Әлеуетті жеткізуші тек 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынуға құқылы.

Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің http://www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылатын болады.

Тел. 8(7142) 990-927 (ішкі 3626)

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға