1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

А4 қағазын және А3 қағазын сатып алу

№ п/п: 12919

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 09.01.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 16.01.2019 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

1. Сатып алуды ұйымдастырушының және тапсырыс берушінің атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы), орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050033, Алматы қ., Ташкентская к-сі, 511-үй, тел. 8 (727) 25-88-707, 25-88-779.

2. Сатып алуды ұйымдастырушы www.nationalbank.kz интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен А4 қағазын және А3 қағазын сатып алатыны туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

3. Тауардың саны және сатып алу үшін бөлінген сома ҚҚС сомасын есептемегенде:

А4 қағазы1830 бума, бөлінген сома 1 749 992,40 теңге.

А3 қағазы24 бума, бөлінген сома 45 901,68 теңге

4. Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол болған кезде) көрсетілген, сатып алынатын Тауардың қысқаша сипаттамасы ерекше нұсқамада көрсетілген (Шарттың қосымшасы).

5. Тауар жеткізу орны: Өнім берушінің аумағында.

6. Тауар жеткізумерзімі: Шарт жобасында көрсетілген.

7. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны, басталу және аяқталу мерзімі:

Басталуы: 2019ж. «09» қаңтар 09 сағат 00 минут.

Аяқталу мерзімі: 2019ж. «16» қаңтар 10 сағат 00 минут.

Беру орны – Алматы қаласы, Ташкентская көшесi, 511-үй.

9. Баға ұсыныстары салынған конверттер  2019ж. «16» қаңтар 10 сағат 30 минутта, Алматы қаласы, Ташкентская көшесi, 511-үй, № 1.46 бөлме мекенжайы бойынша ашылады.

10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 8-қосымшасына сай Баға ұсынысының нысаны және Сатып алу туралы шарт жобасы қоса берілген.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
  2. Сатып алудың атауы;
  3. ҚҚС есептемегенде бір Тауардың бағасы және  Тауар жеткізумен байланысты шығындары қосылған Қызметтің жалпы бағасы.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуі тиіс, өоған згерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің соңғы мерзіміне дейін желімделген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып желімделген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды көрсетеді:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін, сатып алынатын Қызметтің атауын.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші конверттерді ашқанға дейін бір жұмыс күні бұрын Тапсырыс берушіге уәкілетті өкілдің аты-жөнін және лауазымын көрсете отырып жазбаша хабарлама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін береді.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.

Жеке кәсіпкер үшін: 

  • ЖК тіркеу туралы куәлік (анықтама, хабарлама);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Жеке куәлігі;
  • ҚҚС бойынша (егер салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік.

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын оған берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде шарт жобасы сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.

6. Қосымша анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (727) 25-88-707, 25-88-774.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға