1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ағылшын тілін оқыту курсы бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

№ п/п: 12925

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 11.01.2019 08:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 17.01.2019 17:30

Хабарламаның толық мәтіні:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне 9-қосымша

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
сатып алуды өткізу туралы хабарландыру 

1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы, почталық мекенжайы:   «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы, 030000, Ақтөбе қ., Асау Барақ көшесі, 45. D02F3E6, тел.: 703910, 703924.

2.  Сатып алуды ұйымдастырушының баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ағылшын тілін оқыту курсы  бойынша сатып алуды өткізу туралы http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсы арқылы  хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

3. Сатып алу үшін бөлінген сомалар, көрсетілетін қызметтердің көлемі:

1 (бір) қызмет (1 топ, топ 5-10 адамды құрайды). Бастапқыда «Pre-Intermediate» деңгейі бойынша,  кейін «Intermediate» деңгейі бойынша оқиды.  Келесі деңгейге курс соңында тестілеу қорытындылары бойынша деңгейі 70%-дан төмен болмайтын нәтижесі бар қызметкерлер жіберіледі. 1 (бір) академиялық сағат  45 минутты құрайды. Көрсетілетін қызметтің жалпы көлемі (уақыты) 288  (екі жүз сексен сегіз) академиялық сағатты құрайды. 

Көрсетілетін қызметтің  сомасы  ҚҚС сомасын есептемегенде 1 468  800,00 (бір миллион төрт жүз алпыс сегіз   мың  сегіз жүз) теңге 00  тиынды құрайды.

4. Сатып алынатын қызметтердің қысқаша сипаттамасы ерекше нұсқамада  Шартқа қоса жалғана ерекше нұсқамада көрсетілген.

5. Қызмет көрсету орны: Ақтөбе қ., Асау Барақ көшесі, 45. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы.

6. Қызмет көрсету мерзімі: Шарт талаптарына сәйкес 2019 жыл ішінде. Қызмет Тараптардың келісілген күнінде, аптасына дүйсенбіден бастап жұма күнін қоса алғанда көрсетіледі.

7.Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі: 2019 жылғы 11 қаңтар сағат 8.00-ден бастап 2019 жылғы  17 қаңтар сағат 17.30-ды қоса алғанда. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы.

8. Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны:   2019 жылғы 18  қаңтар, сағат 09-00,  № 12-кабинет.

9. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.

10. Сатып алу туралы шарт жобасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидасының 8-қосымшасына сәйкес баға сұранысының нысаны қоса жалғанады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға