1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Шаруашылық қорларды сатып алу

№ п/п: 12934

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 21.01.2019 17:45

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 28.01.2019 17:45

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы («Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы Әкімшілік-шаруашылық бөлімі 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137), шаруашылық қорларды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн  сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны:

1-лот, изолента,  20 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 2400,00 теңге;

2-лот, ПВС сым, 100 қума метр, бөлінген сома ҚҚС-сыз 36000,00 теңге;

3-лот, жарық диодты шам 7 Вт, 60 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 39000,00 теңге;

4-лот, энергия үнемдеуіш шам 18 Вт, 40 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 32000,00 теңге;

5-лот, жарық диодты шырағданы, 60 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 787500,00 теңге;

6-лот, жарық диодты шам 9 Вт, 200 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 140000,00 теңге;

7-лот, ұзартқыш, 10 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 40000,00 теңге;

8-лот, жарық диодты шам 18 Вт, 100 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 85000,00 теңге.

9-лот, жарық диодты шам 7 Вт,  50 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 37500,00 теңге;

10-лот, жарық диодты шам 4 Вт, 30 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 20400,00 теңге;

11-лот, энергия үнемдеуіш шам 11 Вт, 30 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 27000,00 теңге;

12-лот, электро қол кептіргіш, 10 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 129000,00 теңге;

13-лот, батарейка АА, 40 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 28000,00 теңге;

14-лот, батарейка ААА, 20 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 14000,00 теңге;

15-лот, қолшамға арналған батарея, 20 дана, бөлінген сома ҚҚС-сыз 14000,00 теңге.

3. Сатып алынатын тауарға техникалық ерекше нұсқама: Шарт жобасына №1 Қосымшада (техникалық ерекше нұсқама) көрсетілген.

4. Тауарды жеткізудің орны:  080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137.

5. Тауарды жеткізу мерзімі: Тараптар шартқа қол қойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде.

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi: мөр басылған конвертпен баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі – 21.01.2019ж. сағат 17:45, баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі – 28.01.2019ж. сағат 17:45 дейін мына мекен-жайға табыс етіледі: 080000 Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ Жамбыл филиалы, 207 бөлме;

7. Баға ұсыныстарын ашу  күні мен уақыты -  28.01.2019 ж. сағат 18:00.

8. Төлем жасау тәртібі: Төлем нақты жеткізілген Тауар үшін Тараптардың уәкілетті өкілдері  Актіге  қол қойған және Жеткізуші шот-фактура ұсынған күннен бастап операциялық 10 (он) күн ішінде Жеткізушінің Шарттың 15-бөлімінде көрсетілген банк шотына ақша аудару арқылы  жүргізіледі.

9. Елеулі талаптары көрсетілген сатып алу шартының жобасы қоса беріледі. 

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
  2. тауардың атауы;
  3. тауарды жеткізу мерзімдері;
  4. қосалқы құн салығын есептемегендегі Тауардың біреуінің бағасы және  Тауарды жеткізуге байланысты шығындары қосылған Тауардың жалпы бағасы;
  5. әлеуетті жеткізуші тауар үшін қол қойған техникалық ерекше нұсқамадан тұратын, әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен бекітілген тек бір ғана баға ұсынысын береді.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

5. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады:

99-93-53.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға