1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Үй-жайларға ағымдық жөндеу жүргізу бойынша жұмыстарды сатып алу

№ п/п: 12984

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 25.02.2019 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 04.03.2019 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үй-жайларға ағымдық жөндеу жүргізу бойынша жұмысты сатып алу өткізілетіні туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы) атынан (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй) хабарландыру орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үй-жайларға ағымдық жөндеу жүргізу бойынша жұмысты (бұдан әрі - Жұмыс) сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.

Орындалатын Жұмыс көлемі – бір жұмыс және сатып алу үшін бөлінген сома – ҚҚС-сыз 9 780 000 (Тоғыз миллион жеті жүз сексен мың) теңге.

Жұмыстың қысқаша сипаттамасы: Үй-жайға ағымдық жөндеу жүргізу.

Сатып алынатын Жұмыстың техникалық ерекшеліктері шарт жобасының қосымшасында көзделген.

Жұмысты орындау орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй.

Талап етілетін Жұмысты орындау мерзімдері: Шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн.

Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 ж. «25»  ақпанда 10 сағат 00 минуттан бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі –

2019 ж. «04» наурызда 10 сағат 00 минутқа дейін, ұсыну орны – Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинет.

Баға ұсыныстары – 2019ж. «04» наурызда 10 сағат 15 минутта Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108 - кабинетте ашылады.

Ақы төлеу шарты: Тапсырыс беруші Шарт бойынша ақы төлеуді Жұмысты орындау дерегі бойынша №2В нысаны бойынша орындалған Жұмыс

актісінің, №КС-3 нысаны бойынша шығындар мен орындалған Жұмыс құнының анықтамалары және шот-фактураның негізінде аталған нысандар

бойынша орындалған Жұмыс актілеріне Тараптардың жауапты тұлғалары қолдарын қойғаннан кейін 10 (он) жұмыс күннің ішінде Жеткізушінің банк

шотына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырады.

Маңызды талаптары көрсетілген шарттың жобасы, соның ішінде техникалық ерекшеліктері қоса берілді.

Өзге ақпараттар:

Әлеуетті Жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді, құжаттарды құрайтын, әлеуетті Жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болғанда) бекітілген қоса берілген нысан бойынша 1 (бір) ғана баға ұсынысын ұсынады.

Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған соң әлеуетті Жеткізуші ұсынған баға ұсынысына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

Әлеуетті Жеткізуші өзінің баға ұсынысын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын ұсыну күні мен уақыты аяқталғанға дейін желімделіп жапсырылған конвертте ұсынады.

 Әлеуетті Жеткізуші баға ұсынысы бар желімделіп жапсырылған конверттің бет жағына:

  1. әлеуетті Жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті Жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылған сатып алынатын Жұмыстың атауын көрсетеді.

Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Жеткізуші шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;
  • ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәліктің;
  • толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасының;
  • бірінші басшыны тағайындау бұйрығының көшірмелерін беруге міндеттенеді.
Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға