1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Аумақты жинау қызметін сатып алу

№ п/п: 12986

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 26.02.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 05.03.2019 11:00

Хабарламаның толық мәтіні:

  1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы:
    «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) (бұдан әрі – Орталық), орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050033, Алматы қ., Райымбек даңғылы, 511-үй, тел. 8 (727) 25-88-707, 25-88-774.
     
  2. Сатып алуды ұйымдастырушы www.nationalbank.kz интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен «Аумақты жинау» қызметін сатып алатыны туралы хабарлайды.
  3. Сатып алу үшін бөлінген жалпы сома: ҚҚС сомасын есептемегенде 1 600 000,00 теңге.
  4. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.
  5. Қызметтің көлемі, қызмет көрсету орны және мерзімі Шарт жобасында көрсетілген.
  6. Қызметтің толық сипаттамасы - ерекше нұсқамада көрсетілген.
  7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – Алматы қ., Райымбек даңғылы, № 511 үй.
  8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің басталуы: 2019 ж. 26 ақпан 09 сағат 00 минуттан  бастап.
  9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы: 2019 ж. 05 наурыз 11 сағат 00 минутқа дейін.
  10. Баға ұсыныстары салынған конверттер  2019 ж.  05 наурыз 11 сағат 30 минутта, Алматы қ., Райымбек даңғылы, № 511 үй, № 1.46 бөлме мекенжайы бойынша ашылады.
  11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының 8-қосымшасына сай Баға ұсынысының нысаны және Сатып алу туралы шарт жобасы қоса берілген.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
  2. көрсетілетін Қызметтің атауы;
  3. көрсетілетін қызмет мерзімдері;
  4. қосалқы құн салығын есептемегенде бір Қызметтің бағасы және  Қызметті көрсетумен байланысты шығындары қосылған Қызметтің жалпы бағасы;

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің соңғы мерзіміне дейін желімделген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып желімделген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды көрсетеді:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін, сатып алынатын Қызметтің атауын.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.

Жеке кәсіпкер үшін: 

  • ЖК тіркеу туралы куәлік;
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Жеке куәлігі;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын оған берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде шарт жобасы сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.

6. Қосымша анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (727) 25-88-707, 25-88-774.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға