1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Құжаттарды жазбаша аудару қызметін баға ұсыныстарын сұрату арқылы сатып алу туралы хабарландыру

№ п/п: 13011

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 13.03.2019 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 03.04.2019 11:00

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, Алматы қаласы, Көктем-3 ықшам ауданы, 21-үй, құжаттарды орыс тілінен неміс тіліне жазбаша аудару  қызметін баға ұсыныстарын сұрату арқылы сатып алу өткізілетіні жайында хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
1. Құжаттарды орыс тілінен неміс тіліне жазбаша аудару қызметіне бөлінген сома қосымша құн салығын (ҚҚС) есептемегенде 2 722 696 теңге 43 тиын (екі миллион жеті жүз жиырма екі мың алты жүз тоқсан алты теңге қырық үш тиын) құрайды, қызмет көрсету көлемі 915 (тоғыз жүз он бес) дейін стандартты беттер.
2. Қызмет нәтижелерін жеткізу орны: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67-үй, (№515 кабинет).
3. Қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімі: сатып алу туралы Шарттың талаптарына сәйкес, Сатып алу туралы Шарттың әрекет ету мерзімі: Сатып алу туралы келісім Шарт бекітілген күннен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда.
4. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын берудің басталу және аяқталу мерзімі және орны: 2019 жылғы 13 наурыздан бастап 2019 жылғы 3 сәуірде 11 сағат 00 минутқа дейін, Алматы қаласы., Әйтеке би көшесі, 67-үй (№515 кабинет).
Баға ұсыныстарын сатып алуды ұйымдастырушының келесі қызметкерлеріне тапсыру қажет: Ешова Г. немесе Мукатова А. (тел: +7 (727) 278 80 67, 278 81 04, ішкі 5338, 5335).
5. Баға ұсыныстарын ашу: 2019 жылғы 3 сәуірде 12 сағ. 00 минутта, Алматы, Әйтеке би, 67-үй (302/2 кабинет).
6. Төлем шарты: сатып алу туралы Шарттың талаптарына сәйкес.
7.  Өзге ақпарат: жоқ
8. Құжаттарды орыс тілінен неміс тіліне аудару қызметін көрсету бойынша сатып алу туралы Шарттың жобасы осы хабарламаға қоса тіркелген.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға