1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алматы облыстық филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылысын ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алу

№ п/п: 13646

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 04.06.2020 11:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 15.06.2020 11:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Тендер талаптарымен тендер өткізу туралы хабарландыру

Сатып алынатын жұмыстардың атауы: Алматы облыстық филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылысын ағымдағы жөндеу

Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ атынан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалы,  мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс: 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, М.Төлебаев көшесі, 58/64. Электрондық мекенжайы: Ruslan.Akhmetzhanov@nationalbank.kz Телефон: 8 (7282) 55-95-08, Талдықорған қаласы, М.Төлебаев көшесі 58/64-үйінде орналасқан Алматы облыстық филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылысын ағымдағы жөндеу жұмыстарын сатып алу бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.

Тендер талаптары:

1. Орындалатын жұмыстардың көлемі ҚҚС сомасын есептемегенде 26 830 002 (жиырма алты милллион сегіз жүз отыз мың екі) теңге 43 тиын.

2. Тендерлік талаптар сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасы және әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін бағалау өлшемшарттары және олардың маңыздылығының шамаларында көрсетілген ( 9 парақта).

3.  Жұмыстың және тендерлік талаптарының ажырамас бөлігі болып табылатын маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы ( 21 парақта).

4. Жұмыстар Алматы облысы, Талдықорған қаласы, М.Төлебаев көшесі, 58/64-үй мекенжайында орындалады. Орындалатын жұмыстардың көлемі әкімшілік ғимараты мен құрылысын ағымдағы жөндеу жұмыстары көлемінің тізімдемесінде көрсетілген.

5. Жұмыстарды орындаудың талап етілетін мерзімі: Шартқа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 70 (жетпіс) күн.

Тендерге қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері қолына немесе тапсырыстық пошта байланысын пайдалана отырып, сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады (жібереді), мекенжайы: 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, М.Төлебаев көшесі, 58/64-үй, 1-қабат, әкімшілік-шаруашылық бөлім бастығының орынбасарының кабинеті.

6. Тендерге қатысуға өтінім берудің түпкілікті мерзімі: 2020 жылғы 15 маусым (қоса саналады), 11 сағат 00 минутке дейін.

7. Тендерге қатысуға өтінімдер 2020 жылғы «15» маусымда, 12 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша Талдықорған қаласы, М.Төлебаев көшесі, 58/64-үй, 1-қабаттағы қоғамдық қабылдау кабинетінде ашылады.

8. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2020 жылғы «9» маусымда  16 сағат 00 минуттан кешіктірмей, сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: индекс: 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, М.Төлебаев көшесі, 58/64. Электрондық мекенжайы: Ruslan.Akhmetzhanov@nationalbank.kz Телефон: 8 (7282) 55-95-08, ішкі 2442 .

9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

  1. тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;
  2. тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы  сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен жібереді.

10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2020 жылғы «12» маусымда 11 сағат 00 минуттан кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тендер тәсілімен тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсында тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.

Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күнге ұзартылады.

11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың[1] 50-55-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынады:

«Қағидалардың 50-тармағы» «Әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын тендерлік өтінімде мыналар қамтылады:

1) әлеуетті жеткізуші Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырған және қол қойған тендерге қатысуға өтінім немесе Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық сатып алуды жүргізу кезінде тендерге қатысу туралы келісім.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді берген кезде онда көрсетілген мәліметтердің дәйектілігін растайды;

2) әлеуетті жеткізуші өзінің біліктілік талаптарға сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесі:

заңды тұлғалар үшін құқық қабілеттілігін, жеке тұлғалар үшін  азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігін растайтын құжаттар;

заңды тұлға қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының көшiрмесiн ұсынады, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері сауда тiзiлiмiнен қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне нотариат куәландырған аудармасымен (құжаттар шет тілінде ұсынылған жағдайда) қоса апостильденген (заңдастырылған) үзiндi-көшiрмені ұсынады;

Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжат нысанындағы рұқсаттар (хабарламалар) (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) көшiрмелерiн ұсынады);

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесі, ал егер заңды тұлға қызметін «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда – мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің көшірмесі;

құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарының (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) үзінді-көшірмесінің көшірмесін не тендерлік өтінімдерді ашу күннің алдындағы бір айдан ерте емес берілген акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді-көшірменің көшірмесі;

электрондық дерекқордан алынған, кәсіпкерлік субъектілердің санаттары туралы мәліметтер қамтылған электрондық анықтама нысанындағы кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар үшін);

егер әлеуетті жеткізуші жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету), оның ішінде қосалқы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) үшін қосалқы мердігерлерді (бірлескен орындаушыларды) тартуды болжаса,  тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

3) әлеуетті жеткізуші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасы;

4) банк кепілдігінің түпнұсқасы (электрондық сатып алуды өткізу кезінде электрондық

банктік кепілдік түрінде) не тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) банк шотында орналастырылатын кепілдік ақша жарнасын енгізуді растайтын төлем құжаты түріндегі Қағидаларда белгіленген тәртіппен және мөлшерде тендерлік өтінімді қамтамасыз ету;

Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету Жұмыстарды сатып алу үшін көрсетілген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде Қағидалардың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде енгізіледі:

- қазақстандық теңгедегі төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, БСН 010741003096, ЖСК KZ32125KZTB005100100 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де, БЖК NBRKKZKX, Кбе 13;

Тендерлік комиссия тендерлік өтінімнің қамтамасыз етуі болмаған тендерлік өтінімдерді Қағидалардың талаптарына сәйкес қабылдамайды.

5) әлеуетті жеткізушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін адамға (адамдарға) тендерлік өтінімге қол қою және тендерлік комиссия отырыстарына қатысуға берілген сенімхат;

6) бағаны төмендетуге арналған сауда-саттық қолданылған тендерді қоспағанда, Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерлік баға ұсынысы;

7) тендерде сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлескен орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті жеткізуші қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі мен түрлері (олар тартылған жағдайда);

8) өтінімге тапсырыс беруші бекіткен бағалау өлшемшарттарын қолдануды растайтын құжаттар (егер әлеуетті жеткізуші бағалау өлшемшарттарын қолдануға ниет білдірген жағдайда);

9) заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум), осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар сатып алуға қатысқан жағдайда, өздерінің біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда көзделген құжаттардан басқа мынадай құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады:

заңды тұлғалардың мүшелері арасында жасалған бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттар (консорциялық келісім);

рұқсат (хабарлама) талап етілетін, бірлескен шаруашылық қызмет (заңды тұлғалардың уақытша бірлестігінің (консорциум) қатысуы кезінде) туралы шартта көзделген қызметі бөлігіндегі мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) электрондық құжат нысанындағы рұқсаттар (хабарламалар) (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) көшірмесін ұсынады). Консорциум қатысушылары көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес, айналысу үшін рұқсат алу қажет болатын, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын құқық қабілеттілігі болуы бөлігінде консорциум біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады.

Электрондық сатып алу өткізілген кезде әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысының не ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.

51. Тендерлік өтінім қазақ және (немесе) орыс тілдерінде беріледі.

52. Тендерлік өтінімдердің  қолданыс  мерзімі  тендерлік  өтінімдерді ашқан күннен бастап кемінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күн мерзімге белгіленеді.

53. Қазақстан Республикасының бейрезидент әлеуетті жеткізушісі Қағидалардың 50-тармағында Қазақстан Республикасының  резиденттері үшін көзделген құжаттарды не осындай мәліметтері бар, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес апостильденген (заңдастырылған) құжаттарды қазақ және  (немесе) орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасымен қоса (құжаттарды шет тілінде ұсынған жағдайда) ұсынады».

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидалардың 54-56 тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс:

Тендерлік өтінімді әлеуетті жеткізуші хабарландыруда  көрсетілген тендерлік өтінімдерді берудің  соңғы мерзімі  аяқталғанға  дейін тігілген, беттері нөмірленген түрде конвертке салып ұсынады, соңғы беті әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысының не ол уәкілеттік берген адамның қолымен куәландырылады.

Тендерлік баға ұсынысы жеке конвертке салынып мөр басылады және тендерлік өтініммен бірге қоса беріледі.

Тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің енгізілгенін растайтын құжат жеке беріледі.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімі бар конверттің бет  жағында:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы мен пошталық мекенжайын;
  2. тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауы мен пошталық мекенжайын;
  3. тендердің (лоттың) атауын көрсетеді.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:

 8 (7282) 559-508, ішкі 2442.

Тендерлік комиссия хатшысы: Әкімшілік-шаруашылық бөлім бастығының орынбасары: Ахметжанов Руслан Ахансериевич 8 (7282) 559-508, ішкі 2442


[1] Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының  2018 жылғы  27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлікпен басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға