Төсек-орын жабдықтарын сақтауға арналған қаптар сатып алу
№ п/п: 13121
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 31.05.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 10.06.2019 10:00
Хабарламаның толық мәтіні:
1. Сатып алуды ұйымдастырушының және тапсырыс берушінің атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы), орналасқан мекенжайы:Қазақстан Республикасы, A01T7M2, Алматы қ. Райымбек даңғ, 511-үй, тел. 8 (727) 25-88-707, 25-88-779.
2. Сатып алуды ұйымдастырушы www.nationalbank.kz интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен төсек-орын жабдықтарын сақтауға арналған қаптар сатып алатыны туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
3. Тауардың саны және сатып алу үшін бөлінген сома ҚҚС сомасын есептемегенде:
Төсек-орын жабдықтарын сақтауға арналған қаптар, 50 дана, бөлінген сома 27 600,00 теңге.
4. Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол болған кезде) көрсетілген, сатып алынатын Тауардың қысқаша сипаттамасы ерекше нұсқамада көрсетілген (Шарттың қосымшасы).
5. Тауар жеткізу орны: Өнім берушінің аумағында.
6. Тауар жеткізу мерзімі: Шарт жобасында көрсетілген.
7. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.
8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны, басталу және аяқталу мерзімі:
Басталуы: 2019ж. «31» мамыр 09 сағат 00 минут.
Аяқталу мерзімі: 2019ж. «10» маусым 10 сағат 00 минут.
Беру орны – Алматы қаласы, Райымбек даңғ, 511-үй.
9. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019ж. «10» маусым 10 сағат 30 минутта, Алматы қаласы, Райымбек даңғ, 511-үй, № 1.46 бөлме мекенжайы бойынша ашылады.
10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 8-қосымшасына сай Баға ұсынысының нысаны және Сатып алу туралы шарт жобасы қоса берілген.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:
- әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
- Сатып алудың атауы;
- ҚҚС есептемегенде бір Тауардың бағасы және Тауар жеткізумен байланысты шығындары қосылған Қызметтің жалпы бағасы көрсетілген, әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген бір ғана баға ұсынысын береді.
Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуі тиіс, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат берілмейді.
2. Баға ұсынысы, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзіміне дейін желімделген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып желімделген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды көрсетеді:
- әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын берген, сатып алынатын Тауардың атауын.
3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, қажет болған кезде осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.
Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші конверттерді ашқанға дейін бір жұмыс күні бұрын Тапсырыс берушіге уәкілетті өкілдің аты-жөнін және лауазымын көрсете отырып жазбаша хабарлама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін береді.
4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:
Заңды тұлғалар үшін:
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- ҚҚС бойынша (егер салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
- Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
- Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.
Жеке кәсіпкер үшін:
- ЖК тіркеу туралы куәлік (анықтама, хабарлама);
- Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
- Жеке куәлігі;
- ҚҚС бойынша (егер салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік.
5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын оған берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде шарт жобасы сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.
6. Қосымша анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (727) 25-88-707, 25-88-774.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.