1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Кондиционерлерге техникалық қызмет көрсету бойынша(саны 42 дана) қызметтерді сатып алу

№ п/п: 13644

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 03.06.2020 15:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 10.06.2020 17:30

Хабарламаның толық мәтіні:

  1.  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, L02B9P3, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 16/1-үй, Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен кондиционерлерге техникалық қызмет көрсету бойынша(саны 42 дана) қызметтерді сатып алу өтетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуларға қатысуға шақырады.
  2. Сатып алынатын қызметтің атауы: кондиционерлерге техникалық қызмет көрсету (саны 42 дана).
  3. Қызметтерді сатып алу  үшін бөлінген сома - ҚҚС сомасын есептемегенде, 1 470 000,00 (Бір миллион төрт жүз жетпіс мың) теңге 00 тиын.
  4. Сатып алынатын қызметтердің саны (көлемі) , мерзімдері, сондай-ақ сатып алынатын қызметтердің техникалық сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар, орындау орны мен мерзімдері, сондай-ақ төлеу шарттары мен тәртібі қоса беріліп отырған елеулі талаптары көрсетіле отырып, қызметтерді сатып алу туралы шарттың жобасында көрсетілген. (Шарт жобасы қоса беріледі).
  5. Орындалатын қызметтердің техникалық сиапаттамасы (нұсқамасы): Шарт жобасына қоса беріледі;
  6. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстарын табыс ету орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, L02B9P3,  Орал қ. Ж.Досмұхамедов көшесі 16/1.

7.Баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі – 2020 жылғы 03 маусым күні сағат 15.00- ден бастап 2020 жылғы 10 маусым күні сағат 17.30- ға дейін.

8. Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны - Баға ұсыныстары бар конверттер ҚРҰБ РММ БҚФ, Орал қ. Ж.Досмұхамедов көшесі 16/1, Әкімшілік – шаруашылық бөлімі, 213-кабинет мекенжайы бойынша: 2020 жылғы 11 маусым  күні сағат 10:00-ден бастап ашылатын болады. Тел. 554-534.

9. Ақы төлеу талаптары –  Тапсырыс беруші Шарт бойынша  ақы төлеуді Тараптардың жауапты тұлғалары Қызмет көрсету актісіне қолдарын қойғаннан кейін және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған соң 10 (он) жұмыс күнінің iшiнде нақты орындалған Қызметке Жеткізушінің банк шотына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырылады.

10. Маңызды талаптар, соның ішінде техникалық сипаттамасы көрсетілген  Шарттың жобасына қоса берілді.

11. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын табыс етуі өткізілетін сатып алудың талаптарында және сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, жұмысты жүзеге асыруға келiсiмін бiлдiру нысаны болып табылады.

12. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, бiр ғана баға ұсынысын табыс етеді.

13. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге жұмыстарды орындауға техникалық ерекше нұсқаманы ұсынуы тиіс.

14. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары бар конверттерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін Әлеуетті жеткізуші қызмет көрсетуге техникалық ерекшелігімен қоса мөрленген конвертте пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынылады.

15. Әлеуетті жеткізуші мөрленген конверттің беткі жағында:

  1. Әлеуетті жеткізушінің атауы және пошталық мекенжайы;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайы;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін сатып алулардың атауы.

16. Шартқа қол қойған кезде Әлеуетті жеткізуші мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Заңды тұлғалар үшін:

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салық салынса));

Толық деректемелері көрсетілген банктен анықтама;

- бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;

Осы қызметтерді көрсетуге рұқсат беру құжаттары.

Жеке кәсіпкер үшін:

ЖК тіркеу туралы куәлік;

Толық деректемелері көрсетілген банктен анықтама;

- Жеке куәлігі;

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салық салынса));

Осы қызметтерді көрсетуге рұқсат беру құжаттары.

17. Қосымша ақпаратты 8-7112-554534  телефоны арқылы алуға болады.

Жүргізілген сатып алу қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға