Негізгі құралдарды сақтандыру бойынша қызметті сатып алу
№ п/п: 13421
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 12.12.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 20.12.2019 18:30
Хабарламаның толық мәтіні:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, C00Y4P0, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен негізгі құралдарды сақтандыру бойынша қызмет көрсетуді (Бұдан әрі - Қызметтер) сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Негізгі құралдарды сақтандыру бойынша қызметтер, сатып алуға бөлінген сома: ҚҚС-ты есептемегенде 567 672,38 теңге сомасына Қызметтер.
3. «Жалпы сақтандыру» саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті орган берген лицензия міндетті болып табылады.
4. Негізгі құралдардың тізбесі қоса берілген.
5. Қызметтерді көрсету орны: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй.
6. Қызметтерді көрсету мерзімі: сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңі 2020 жылғы 01 қаңтардан басталады және 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда сағат 24-00-ге дейін тәулігіне 24 (жиырма төрт) сағат бойы қолданылады.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі, орны: 2019 жылғы «12» желтоқсанның сағат 09.00-ден бастап 2019 жылғы «20» желтоқсанның сағат 18.30-ге дейін.
8. Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты және орны: 2019 жылғы «23» желтоқсанда, сағат 11.00-де, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214 үй, мәжіліс залы.
9. Ақы төлеу талаптары: төлем шарттың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
10. Маңызды талаптары көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі.
11. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарымен бірге тариф көрсетілген негізгі құралдардың тізбесін ұсынуы керек.
Қосымша ақпарат.
1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарламада көрсетілген ақпаратты (құжаттарды) қоса, тек 1 (бір) баға ұсынысын (нысан қоса беріледі) ұсынады.
2. Баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын беру уақыты мен күніне дейін почта арқылы немесе әдейі жабық конвертте ұсынылады.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошта заңды мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының толық атауын және пошта мекенжайын;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін, көрсетілетін қызметтердің атауын көрсетеді.
3. Әлеуетті жеткізушінің өкілі өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат, жеткізушінің мүдделерін білдіру құқығымен берілген сенімхат (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсынысы бар конвертті беру, сондай-ақ баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсіміне кіруге рұқсаты) болуы керек.
4. Әлеуетті жеткізуші Шартқа қол қойған кезде мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
Толық мәліметтері бар банктен анықтама;
Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат.
5. Жеңімпаз болып танылған әлеуетті жеткізуші Шарттың жобасына қол қояды және сатып алуды ұйымдастырушыға оған қол қойылған шарттың жобасын берген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жеткізуді ұсынады.
6. Қосымша ақпаратты 1-тармақта көрсетілген телефон арқылы алуға болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.