Телефон байланысы қызметтін сатып алу
№ п/п: 13466
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 24.12.2019 10:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 30.12.2019 18:15
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) атынан, Z10k8m7, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен телефон байланысы қызметін сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
Көрсетілетін қызметтің көлемі: бір қызмет.
Сатып алуға бөлінген сома: ҚҚС сомасын есепке алмағанда 2 519 365,00 (екі миллион бес жүз он тоғыз мың үш жүз алпыс бес) теңге 00 тиын.
Қызметтің қысқаша сипаттамасы: Телефон байланысы.
Қызмет көрсету орны: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 21-үй.
Қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімі: Қызмет 2020ж.01.01. бастап 2020ж.31.12. бойынша мерзімге дейін көрсетіледі.
Баға ұсыныстарын берудің басталу мерзімі – 2019ж. « 24 » желтоқсанда сағат 10:00-ден бастап, баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі – 2019ж. «30» желтоқсанда сағат 18-15-ге дейін, ұсынылатын орны - Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 21-үй, 1.108-каб.
Баға ұсыныстарын ашу – 2019 жылғы « 30 » желтоқсанда сағат 18-15 сағатта, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 21-үй, 1.108-каб.
Төлем шарттары: Шарт бойынша төлемді Тапсырыс беруші ай сайын нақты көрсетілген қызметтер үшін, егер Тараптардың жеке келісімінде өзгеше көзделмесе, есептік айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Елеулі талаптары көрсетілген шарттың жобасы қоса беріледі.
Өзге ақпарат:
Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған жағдайда) бекітілген, қоса берілген нысан бойынша 1(бір) баға ұсынысын ғана береді.
Әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына баға ұсыныстарын беру мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Баға ұсынысын әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын табыс етуді аяқтау уақыты мен күніне дейін желімделген конвертте береді.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағына:
- әлеуетті жеткізушінің атауы және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайын;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
Өткізілген сатып алулардың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
Шартқа қол қойған кезде жеткізуші мынадай құжаттардың:
Заңды тұлғалар үшін:
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың;
- ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің (егер салынса);
- Толық деректемелері көрсетілген банктен анықтамасының;
- Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрықтың;
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.