1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу туралы сатып алу қызметті

№ п/п: 13484

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 13.01.2020 10:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 17.01.2020 17:30

Хабарламаның толық мәтіні:

Мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын
конкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Түркістан филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын іріктеу өткізу туралы хабарлайды.

1. Құжаттар қабылдау күні және орны:

- конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 2020 жылдың 13 қаңтар күні сағат 10:00 бастап 2020 жылдың 17 қаңтар сағат 17:30 дейін аралығында мына мекенжай бойынша:  161200,  Түркістан облысы,  Түркістан  қ., Тәуке хан даңғылы, 371-құрылыс, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Түркістан филиалы, конкурсқа қатысушының  кері мекенжайы көрсетілген (өзінің тапсырған немесе пошта арқылы жіберген) конвертте немесе  Aigul.Temirbekova @nationalbank.kz. электронды поштасы бойынша электронды түрде қабылданады.

2. Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

- «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе аталғандарға ұқсас мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) филологиялық білімі;

- қазақ тілін оқыту тәжірибесі кем дегенде 5 (бес) жыл;

- ғылыми дәрежесі  (құпталады);

3. Конкурсқа қатысушылар талаптарға сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

- жалпы мәліметтерді көрсетумен конкурстық іріктеуге қатысушының түйіндемесі; 

- жеке тұлғалар үшін азаматтық іс-әрекетке қабілетін растайтын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлігі немесе төлқұжаты);

- жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

- ұсынымдар  (бар болған жағдайда);

- білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне  қатысты өзге құжаттардың көшірмелері (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, санатының болуы, ғылыми жарияланымдары туралы, сертификаттар, мінездемелер, ұсынымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын  өзге де мәліметтер) (бар болған жағдайда).

4. Жауапты адам конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімдерінде мөр басылған конвертте қолына, пошта арқылы немесе  электрондық түрде электрондық  пошта арқылы қабылдайды.

5. Конкурстық іріктеуді өткізуге қатысты іс-шараларды ұйымдастыру үшін жауапты адам конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде

кандидаттарды  әңгімелесу өткізу күні туралы;

әңгімелесуге рұқсат беруден бас тарту алған конкурстық іріктеуге қатысушыларды конкурстық комиссияның шешімі туралы  хабардар етеді.

6. Мемлекеттік тіл курсын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шартының маңызды талаптары, сондай-ақ ақы төлеу мөлшері және шарттары:

- мемлекеттік тіл курсын өткізу орны – Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 371-құрылыс;

- конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік тілді оқыту курсын өткізу бойынша ақылы қызмет көрсету шарты жасалады; 

- бөлінген сома – 1 академиялық сағаттың құны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуші есебінен табыс салығының ұсталуымен 5000 теңге 00 тиын.

7. Жауапты бөлімшенің (жауапты адамның) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық поштаның мекенжайлары: 

- 161200,  Түркістан облысы,  Түркістан  қаласы, Тәуке хан даңғылы, 371-құрылыс, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Түркістан филиалы, тел. 8(72533) 5-99-62 ішкі нөмір 4124, А.А.Темирбекова, электрондық пошта  Aigul.Temirbekova @nationalbank.kz.

Сонымен қатар, құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тарту үшін негіз болады.

Ұлттық Банктің ресми сайты – «nationalbank.kz»

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға