1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

А3 ф. түрлі-түсті басып шығаратын КФҚ сатып алу

№ п/п: 13541

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 20.02.2020 13:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 27.02.2020 10:30

Хабарламаның толық мәтіні:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі РММ Қаржылық технологиялар департаменті (бұдан әрі – Сатып алуларды ұйымдастырушы) орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй,  баға ұсыныстарын сұрату А3 ф. түрлі-түсті басып шығаратын КФҚ  (бұдан әрі - Тауар) сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

Сатып алу үшін бөлінген сома -  ҚҚС қоспағанда 14 187 875,00 теңге.

Сатып алынатын Тауардың сипаты, Техникалық ерекше нұсқамада (Шартқа қосымша) көрсетілген Тауардың толық ерекше нұсқамасы.

Тауарды жеткізу және мерзімі - Шарт талаптарына сәйкес.

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің басталуы: 2020 жылғы 20 ақпанда 13 сағат 00 минут.

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы: 2020 жылғы 27            ақпанда 10 сағат 30 минут.

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, 2-кіреберіс.

Баға ұсыныстары салынған конверттер  2020 жылғы 27 ақпанда 11 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, №317/1  бөлмеде ашылады.

Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.

Сатып алулар туралы шарт жобасы және Хабарландыруға қосымша қоса беріледі.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен расталып және мөрімен (бар болса) бекітілген бір баға ұсынысын ғана ұсынады:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
  2. көрсетілетін Тауар атауы;
  3. Тауар көрсету мерзімі және кезеңі;
  4. қосалқы құн салығын есептемегендегі Тауардың бағасы және Тауарды көрсетуге байланысты шығындары қосылған Тауардың жалпы бағасы;
  5. Тауардың әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқамасы.

Баға ұсынысы Хабарландыруға Қосымшаға сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

Баға ұсынысы, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы көрсетілетін сатып алынатын Тауардың атауын көрсетеді.

Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

  1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  2. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
  3. Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  4. Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.

Дара кәсіпкер үшін: 

  1. ДК тіркеу туралы куәлік;
  2. Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  3. Жеке куәлігі;
  4. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).

Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

Қосымша анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады:  8 (727) 2 596-828, 8 (701) 744 89 25.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға