1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Дабыл сигнализациясы жүйесін жаңғырту жұмыстарын сатып алу

№ п/п: 13642

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 02.06.2020 18:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 19.06.2020 11:00

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Павлодар филиалы (бұдан әрі – Тапсырыс беруші, Ұйымдастырушы), S03B4H4, Павлодар облысы, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 44-үй, БСН 971041002004, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-дегі ЖСК KZ43125KZTS005100100, ББК NBRKKZKX, АЖК-13, электронды поштаның мекенжайы Zhusupova.s@nationalbank.kz, тел. 8(718)270-44-26, 70-44-27 ҚРҰБ Павлодар филиалында дабыл сигнализациясы жүйесін жаңғырту жұмыстарын сатып алу бойынша тендер өткізуі туралы хабарлайды.

Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 44-үй мекенжайы бойынша орналасқан ҚРҰБ Павлодар филиалындағы дабыл сигнализациясы  жүйесін жаңғырту тендері талаптары

Тендер талаптары:

  1. Сатып алынатын Жұмыстар атауы, олардың көлемі және сатып алу үшін бөлінген сомалар тендер талаптарына 1-қосымшада көрсетілген.
  2. Сатып алынатын Жұмыстарға техникалық ерекше нұсқама тендер талаптарына 2-қосымшада көрсетілген.
  3. Сатып алынатын Жұмыстарға баға ұсынысының нысаны тендер талаптарына 3-қосымшада көрсетілген.
  4. Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін бағалау өлшемшарттары және олардың маңыздылығының өлшемі тендер талаптарына 4-қосымшада көрсетілген.
  5. Елеулі талаптары көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы тендер талаптарына 5-қосымшада көрсетілген.
  6. Жұмыстарды орындау орны: S03B4H4, Қазақстан Республикасы Павлодар облысы, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 44-үй.
  7. Жұмыстарды орындаудың талап етілетін мерзімі: шарттың орындалуын толық көлемде қамтамасыз ету енгізілген күннен бастап күнтізбелік 60 күн және Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

Тендерлік өтінімді ұсыну және ресімдеу тәртібі Қағидалардың1 4-параграфымен көзделген. Тендерлік өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушыға мөр басылған конвертте қолма-қол немесе тапсырысты арнайы байланысты пайдалана отырып мына мекенжай бойынша: S03B4H4, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 44-үй, № 311 кабинетке ұсынады (жібереді).

Өтінімнің тендерге қатысуын қамтамасыз ету Жұмыстарды сатып алуға бөлінген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк кепілдігі немесе сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына кепілдік ақша жарнасының енгізілуін растайтын төлем құжаты түрінде енгізіледі:

- қазақстан теңгесімен төлеу үшін: бенефициары – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, БСН 971041002004, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де ЖСК KZ43125KZTS005100100, БСК NBRKKZKX, БЕк 13.

Тендерлік өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық тендерлік өтінімдер Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін ретінде тендерлік комиссиямен қабылданбайды.

  1. Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі қоса алғанда 2020 жылғы «19» маусым 11 сағат 00 минутқа дейін.
  2. Тендерге қатысуға өтінімдер: S03B4H4, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 44-үй, №309 кабинет мекенжайы бойынша 2020 жылғы «19» маусымда 12 сағат 00 минутта ашылатын болады.
  3.  Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2020 жылғы «12» маусымда 12 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша сұрату жасайды.

Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: S03B4H4, Павлодар облысы, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 44-үй.

  1. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
  1. тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;
  2. тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен жібереді.
  1.  Сатып алуды ұйымдастырушы 2020 жылғы «16» маусымда 12 сағат 00 минуттан кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында тендер талаптарына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.

Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күнге ұзартылады.

13. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік лицензия санатына қойылатын талаптар.

Лицензияланатын қызмет түрінің мынадай шағын түрлері міндетті түрде болатын I санаттағы құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік лицензия:

  1. күрделі жөндеу мен қайта құруды қоса алғанда, инженерлік желілер мен жүйелердің құрылысы, оның ішінде:
  • электрмен жабдықтау желілері және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысы, ішкі электрмен жарықтандыру және электрмен жылыту желілері.

Жұмыстарды сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум), осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалардың қатысуына жол беріледі.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:  8 (7182) 70-44-26, 70-44-27.

Тендерлік комиссия хатшысы: қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі бастығының орынбасары – Жусупова Светлана Муратбековна.


1 ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018ж.27.08. № 192  қаулысымен бекітілген ҚР Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға