Цифрлық айғақтарға компьютерлік сараптама жүргізуге бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған лицензия және компьютерлік бағдарламалардың машиналық орындалатын кодтарын ассемблер тілінің кодтарына өзгертуге және компьютерлік бағдарламалардың машиналық орындалатын кодтарын жоғары деңгейдегі бағдарламалау тіліндегі баламалы бастапқы кодтарға өзгертуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуге берілетін лицензия сатып алу
№ п/п: 13283
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 20.09.2019 17:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 04.10.2019 17:00
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй.
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақпараттық қауіп және киберқорғау басқармасы, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй; 2704-591 (ішкі:1321), 2704-819 (ішкі.:1819), электрондық мекенжайы – Ruslan.Kassymov@nationalbank.kz., Alexey.Kuznetsov@nationalbank.kz.
Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен цифрлық айғақтарға компьютерлік сараптама жүргізуге бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған лицензия (1-лот) және компьютерлік бағдарламалардың машиналық орындалатын кодтарын ассемблер тілінің кодтарына өзгертуге және компьютерлік бағдарламалардың машиналық орындалатын кодтарын жоғары деңгейдегі бағдарламалау тіліндегі баламалы бастапқы кодтарға өзгертуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуге берілетін лицензия (2-лот) сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды (бұдан әрі - Тауар).
Лоттар бойынша алу үшін бөлінген сома:
1-лот: Цифрлық айғақтарға компьютерлік сараптама жүргізуге бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған лицензия. Сатып алу үшін бекітілген сома: 6 502 609,56 теңге ҚҚС сомасын есептемегенде. Тауар саны - 1 дана.
2-лот: Компьютерлік бағдарламалардың машиналық орындалатын кодтарын ассемблер тілінің кодтарына өзгертуге және компьютерлік бағдарламалардың машиналық орындалатын кодтарын жоғары деңгейдегі бағдарламалау тіліндегі баламалы бастапқы кодтарға өзгертуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуге берілетін лицензия. Сатып алу үшін бекітілген сома: 5 586 249,14 теңге ҚҚС сомасын есептемегенде. Тауар саны - 1 дана.
Қызмет көрсету орны - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй; тел: 2704-591 (ішкі:1321).
Қызмет көрсету мерзімдері мен Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеу талаптары.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй (қолма-қол).
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді ұсыну уақыты мен күні:
2019 жылғы «20» қыркүйекте сағат 17:00-ден 2019 жылғы «4» қазанда 17:00-ге дейін.
Баға ұсыныстары салынған конверттері ашу күні мен уақыты:
2019 жылғы «4» қазан сағат 17:30-да.
Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылатын Тауарға техникалық Ерекше нұсқама ұсынуы тиіс.
Сатып алу туралы шарттың жобасы және техникалық ерекше нұсқама қоса беріледі.
- Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен расталып және мөрімен (бар болса) бекітілген бір баға ұсынысын ғана ұсынады:
- әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
- жеткізілетін Тауардың атауы;
- Тауарды жеткізу мерзімі;
- қосалқы құн салығын есептемегендегі Тауардың біреуінің бағасы және Тауарды жеткізуге байланысты шығындары қосылған Тауардың жалпы құны;
- Тауардың әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқамасы.
Баға ұсынысы ҚРҰБ Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.
- Баға ұсынысы, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:
- әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы көрсетілетін сатып алынатын Тауардың атауын көрсетеді.
- Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.
- Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:
Заңды тұлғалар үшін:
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
- Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
- Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.
Дара кәсіпкер үшін:
- ДК тіркеу туралы куәлік;
- Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
- Жеке куәлігі;
- ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).
- Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастапжеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.
Ақпараттық қауіп және
киберқорғау басқармасының
бастығы Р. Перминов
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.