Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Баллондардың газын ауыстыра отырып техникалық куәландыру қызметін сатып алу

№ п/п: 13638

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 29.05.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 08.06.2020 11:00

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы), орналасқан мекенжайыҚазақстан РеспубликасыА01Т7М2, Алматы қаласыРайымбек даңғылы, № 511-үйэлектрондық мекенжай – Gohr_3@nationalbank.kz,  тел. 8 (727) 25-88-774, 8 (727) 25-88-707, баллондардың газын ауыстыра отырып техникалық куәландыру қызметін тендер тәсілімен сатып алу туралы хабарлайды.

Тендер талаптары:

1. Сатып алынатын Қызметтің атауы, саны және ҚҚС сомасын есепке алмағанда сатып алуға бөлінген сома:

Баллондардың газын ауыстыра отырып техникалық куәландыру саны 1 (бір) қызмет, бөлінген сома 18 750 000 (он сегіз миллион жеті жүз елу мың) теңге 00 тиын.

2. Сатып алынатын Қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері мен олардың маңыздылық көлемін бағалау критерийлері тендер талаптарының 1-қосымшасында көрсетілген.

3. Маңызды талаптары көрсетілген Сатып алу шартының жобасы тендер талаптарының 2-қосымшасында көрсетілген.

4. Қызмет көрсету орны Сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген.

5. Қызмет көрсету талап етілген мерзім Сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген.

Тендерлік өтінімді беру және ресімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2018жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 4-параграфында көзделген.

Конвертке салынып желімделген тендерлік өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушының қолына немесе тапсырыс поштаны пайлаланып мына мекенжайы бойынша береді (жібереді): А01Т7М2, Алматы қ., Райымбек  даңғылы, № 511 үй, 3.50-каб., «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы).

Тендерлік өтінімдер БӨП (бақылау-өткізу пункті) ғимаратында қолға беріледі. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері БӨП-ке келеді, содан кейін осы Хабарландыруда көрсетілген телефондар арқылы тендерлік комиссия хатшысына өзінің тендерлік өтінімдерді беру үшін келіп тұрғанын хабарлайды және оның келуі күтеді. Тендерлік өтінімдер хатшыға тендерлік өтінімдерді тіркеу журналына қол қоя отырып беріледі, ол үшін өзімен бірге жеке куәлігі және танысу үшін тұлғаның сенімхатқа қол қою уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін бере отырып (әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысы келмеген жағдайда) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген, әлеуетті өнім беруші өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаты (сенімхат) болуы тиіс. Тендерлік өтінімдерді қолға берудің өзге тәртібі болмайды.

Қызметті сатып алу үшін бөлінген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде Тендерге қатысуға берілген өтінімді қамтамасыз ету сомасы Қағиданың 10-қосымшасына сай  нысан  бойынша банктік кепілдік түрінде немесе сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына кепілдік ақшалай жарнаны салғанын растаушы төлем құжаты түрінде беріледі:

Қазақстандық теңгемен жасалатын төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-дегі БСН 911241000361, ЖСК КZ66125KZTJ001100100, БСК NBRKKZKX, Коды 13;

Қамтамасыз етілмеген барлық тендерлік өтінімдерді тендерлік комиссия Қағида талаптарына сәйкес келмейтін тендерлік өтінімдер ретінде қабылдамайды.

6. Тендерлік өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі 2020 жылғы «08» маусым (қоса алғанда) 11 сағат 00 минутқа дейін.

7. Тендерлік өтінімдер 2020 жылғы «08» маусым 12 сағат 00 минутта мына мекенжайда ашылады: А01Т7М2, Алматы қ., Райымбек даңғ., № 511 үй, 1.90. каб.

8. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті өнім берушілер 2020 жылғы «03» маусым 11 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша сұртаумен өтініш білдіреді.

Әлеуетті өнім берушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жолдау қажет: А01Т7М2, Алматы қ., Райымбек даңғылы, № 511 үй, электрондық пошта мекенжайы – Gohr_3@nationalbank.kz, тел. 8 (727) 25-88-707, 8 (727) 25-88-774, 8 (727) 25-88-775.

9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

  1. тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) мына интернет-ресурсында тендер талаптарын түсіндіру мәтінін жариялайды: www.nationalbank.kz;
  2. тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті өнім берушілерге сұратудың кімнен түскенін көрсетпей, электронды пошта арқылы тендер талаптарын түсіндіру мәтінін жолдайды.

10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2020 жылғы «05» маусым 11 сағат 00 минуттан кешіктірмей өз бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тендер талаптарына енгізілген өзгерістер және(немесе) толықтырулар мәтінін тапсырыс берушінің мына мекенжайына орналастырады: www.nationalbank.kz.

Тендерлік өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күнге ұзартылады.

11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағиданың 50 және (немесе) 53 тармақтарында көзделген құжаттарды береді.

Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі Қағидада көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.

Бұл ретте әлеуетті өнім беруші тендерлік өтініммен бірге өнеркәсіптік қауіпсіздікке саласында жұмыс жүргізу құқығын беретін аттестаттың көшірмесін беруі тиіс (өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу) («Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 2-санатты рұқсаттар тізбесі 2-қосымшасының 61-жолы, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы).

Әлеуетті өнім беруші өзінің тендерлік өтінімде берген мәліметтерінің және оған тіркелген құжаттардың шынайылығын растайды.

Әлеуетті өнім берушілердің тендерлік баға ұсынысы теңгемен, тиынның жүзден бір бөлігінде көрсетіледі.

12. Тендерлік өтінімдер және (немесе) баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конверттерді ашқанға дейін бір  жұмыс күні бұрын Тапсырыс берушіге пошта байланысы немесе мына электронды пошта мекенжайы бойынша: Gohr_3@nationalbank.kz, уәкілетті өкілдің аты-жөні және лауазымы көрсетілген жазбаша хабарламаны, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты береді.

Қосымша анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (727) 25-88-774. 8 (727) 25-88-707

Тендерлік комиссия хатшысы: Романов Владимир Юрьевич, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары, 8 (727) 25-88-774.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға