2019 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаржылық есеп аудиті қызметін тендер тәсілімен сатып алу
№ п/п: 13151
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 24.06.2019 17:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 09.07.2019 10:00
Хабарламаның толық мәтіні:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жоспарлау және бюджет департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, БСН 941240001151, ЖСК KZ86125KZT5004100100, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де, БЖК NBRKKZKX, Кбе 13 электрондық мекенжай: Aidos.Kussainov@nationalbank.kz, тел. 8 727 2788 104, ішкі 5618, 2019 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаржылық есеп аудиті қызметін (бұдан әрі – Қызмет) сатып алу бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.
Тендер талаптары:
1. Қызметтің атауы, саны және сатып алуға бөлінген сомасы осы тендер талаптарының 1-қосымшасында көрсетілген.
2. Сатып алынатын Қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы осы тендер талаптарының 2-қосымшасында көрсетілген.
3. Маңызды талаптар көрсетілген Қызметті сатып алу туралы шарт жобасы осы тендер талаптарының 3-қосымшасында көрсетілген.
4. Қызметті орындау орны сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген.
5. Қызметті орындау бойынша талап етілетін мерзімі сатып алу шарт жобасында көрсетілген.
Тендерлік өтінімдерді тапсыру және рәсімдеу тәртібі, Қағидалардың 4 бөлімінде көзделген. Тендерлік өтінімдерді әлеуетті жеткізуші немесе оның уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушының қолына не тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып конвертке салып келесі мекен-жайы бойынша ұсынады: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, Жоспарлау және бюджет департаменті, 303 каб.
Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету Тауарларды сатып алу үшін көрсетілген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде Қағидалардың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде енгізіледі:
- қазақстандық теңгедегі төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, БСН 941 240 001 151,
ЖСК KZ86125KZT5004100100 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де, БЖК NBRKKZKX, Кбе 13;
- ресей рубльдегі төлемдер үшін: банк бенефициары: Москва қ., Мемлекетаралық банк, БСК: 044525362, коршот: 30101810800000000362, ЖСН: 9909400764, ҚРҰБ шоты: 30111810800000000039; банк бенефициары: Москва қ., ЖАҚ Сбербанк России, БСК: 044525225, коршот: 30101810400000000225, ЖСН: 7707083893, ҚРҰБ шоты: 30111810000000000124;
- АҚШ доллардағы төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, SWIFT: NBRKKZKX, банк бенефициары: CITIBANK N.A., NEW YORK, SWIFT: CITIUS33XXX, ACCOUNT: 36017752;
- ЕУРО төлемдер үшін: бенефициары – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, SWIFT: NBRKKZKX, банк бенефициары: DEUTSCHE BANK AG FRANKFURT AM MAIN, SWIFT: DEUTDEFFXXX, ACCOUNT: 100 9498775 0000; банк бенефициары: DEUTSCHE BUNDESBANK, ZENTRALE FRANKFURT AM MAIN, SWIFT: MARKDEFFXXX, ACCOUNT: 5040040039.
Тендерлік өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық тендерлік өтінімдер Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін деп тендерлік комиссия қабылдамайды.
6. Тендерге қатысуға өтінім берудің түпкілікті мерзімі 2019 жылғы «09» шілде 10 сағат 00 минут дейін (қоса есептегенде).
7. Тендерге қатысуға өтінімдер 2019 жылғы «09» шілде 11 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, 302/2 каб. ашылады.
8. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы «03» шілде 10 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.
Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, Жоспарлау және бюджет департаменті, 303 каб., тел. 8 727 2788 104, ішкі 5618, электрондық пошта мекенжайы – Aidos.Kussainov@nationalbank.kz.
9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;
2) тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен хабарлайды.
10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2019 жылғы «05» шілде 10 сағат 00 минуттан кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.
Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тендер талаптарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.
Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күнге ұзартылады.
11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.
Бұл ретте, әлеуетті жеткізуші 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабының талаптарына сәйкес болуы тиіс екендігін атап өтеміз.
Бұдан басқа, әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінім құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген аудиторлық қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензияның көшірмесін ұсынуы тиіс.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.