Әкімшілік ғимараттың аумағын ағымдық жөндеу бойынша жұмыстарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
№ п/п: 13181
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 15.07.2019 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 19.07.2019 18:00
Хабарламаның толық мәтіні:
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалы, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к.,6 баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен филиалдың әкімшілік ғимаратының аумағына жүргізілетінағымдық жөндеу жұмыстарын сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және әлеуетті Жеткізушілерді аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
- Сатып алынатын жұмыстың атауы:
– Солтүстік Қазақстан филиалының әкімшілік ғимараты аумағына ағымдық жөндеу.
- Сатып алуға бөлінген сома – ҚҚС есебінсіз, 2 098 859,82 теңге.
- Орындалатын жұмыстың көлемі -Шарт жобасында көрсетілген филиал аумағына жүргізілетін ағымдық жөндеу бойынша жұмыс көлемінің тізімдемесі. Жұмысты орындау мерзімі 2019 жылғы 19 тамызға дейін. Жұмысты орындау орны: «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалы, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі,6, тел. 8(7152) -55-15-39, 55-15-27.
- Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімінің аяқталуы және ұсыну орны– 2019 жылғы 19 шілде күні 18.00 сағатқа дейін: «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалы, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі,6.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын желімделген конвертте ұсынады.
Әлеуетті жеткізуші желімделген конверттің бет жағына:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық (заңды) мекенжайы;
- Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушы) атауы және пошталық мекенжайы;
- әлеуетті жеткізушінің қатысуы үшін баға ұсынысы берілген лоттың атауын корсетеді.
Әлеуетті жеткізуші тек бір ғана баға ұсынысын ұсынады. Баға ұсынысының нысаны қоса берілді.
Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз өкілеттігін құжаттама (бұйрық, сенімхат) арқылы растауы тиіс.
Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты және ашу орны: 2019ж. 22 шілде күні сағат 9:00 «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалы, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі,6, тел. 8(7152) -55-15-39, 55-15-27.
- Маңызды талаптары көрсетілген Шарттың жобасы, соның ішінде техникалық талаптары қоса беріледі.
Өткізілген сатып алу қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz. интернет-ресурсына орналастырылатын болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.