Негізгі мүліктерді сақтандыру сатып алу
№ п/п: 13215
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 13.08.2019 10:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 19.08.2019 17:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы, Е02Н9В1,
Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а., баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен негізгі мүліктерді сақтандыру сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
Сатып алу үшін бөлінген сомалар, көрсетілетін қызметтің көлемі: 1 (бір) қызмет, 1 736 161,08 (бір миллион жеті жүз отыз алты мың жүз алпыс бір) теңге 08 тиын ҚҚС-сыз.
Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол бар болса) көрсетілген сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы: негізгі мүліктерді сақтандыру.
Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы (ол бар болса): қоса тіркеледі.
Қызмет үлгілерін тестілеу бағдарламалары (ол бар болса): жоқ.
Қызметті көрсету орны: Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а.
Қызмет көрсетуді талап етілетін мерзімдері: Шартқа қол қойған күннен басталады және күтізбелік бір жыл бойы қолданыста болады.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру мерзімінің басталуы: 2019 жылғы 13 тамыз,
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі мен уақыты: 2019 жылғы 19 тамыз, сағат 17:00,
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс ету орны: Атырау қ., Уәлиханов көшесі, 2а, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы,
Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны: 2019 жылғы 20 тамыз, сағат 10:00.
Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.
Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (ол бар болса) көрсетілген шарт жобасы: қоса тіркеледі.
Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын табыс етудің аяқталатын уақытқа және күнге дейін баға ұсынысын ұсынады.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын конвертте ұсынған жағдайда, әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
- әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз өкілеттігін құжатпен растауы (бұйрық, сенімхат) тиіс.
Жеткізуші Шартқа қол қойған кезде мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке:
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
- Осы қызмет түрі үшін лицензия;
- Толық деректемелерді көрсетумен банктен анықтама;
- Бірінші басшыны тағайындауға бұйрық;
- Қосымша құжаттар (қажет болған жағдайда).
Жүргізілген сатып алулар қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.
Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7122) 556518.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.