Конференц-залға арналған жиһаз жиынтығын сатып алу
№ п/п: 13207
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 01.08.2019 18:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 08.08.2019 18:00
Хабарламаның толық мәтіні:
1. Қазақстан Республикасы, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Шаруашылық басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(727) 2619-204 ішкі 5452, www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Конференц-залға арналған жиһаз жиынтығын сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Конференц-залға арналған жиһаз жиынтығы (бұдан әрі – Тауар) 1 жиынтық, ҚҚС сомасын есептемегенде сатып алу үшін бөлінген сома - 8 884 400,00 теңге.
3. Сатып алынатын Тауарға толық ерекше нұсқама техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген.
4. Тауарларды жеткізудің сипаттамасы мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары, мерзімі мен шарттары елеулі шарттары көрсетіле отырып, конференц-залға арналған жиһаз жиынтығын сатып алу туралы шарттың қоса беріліп отырған жобасында көрсетілген.
5. Тауарды жеткізу орны – A15C9T5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а.
6. Ақы төлеу талаптары - тапсырыс беруші жеткізілген және орнатылған Тауар үшін ақыны Тараптардың уәкілетті өкілдері Тауарды жеткізу және орнату актісіне қол қойған және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Шарттың 14-бөлімінде көрсетілген Жеткізушінің банктік шотына ақша аудару арқылы төлейді.
7. Тауарды толық көлемде жеткізу және орнату мерзімі Шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.
8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2019 жылғы 01 тамыздың 18 сағат 00 минуттан бастап.
9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылғы 08 тамыздың 18 сағат 00 минутына дейін.
10. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 67, 201 кабинет.
11. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 08 тамыздың 18 сағат 30 минутта, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 67, мекенжайында 203 кабинетте ашылады.
12. Конференц-залға арналған жиһаз жиынтығын сатып алу туралы шарт жобасы және техникалық ерекшелік қоса беріліп отыр.
13. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылып отырған тауардың техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ:
14. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.
15. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.
16. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.
17 Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:
- Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
- Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
- Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат;
18. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.
19. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.