Жолаушы-жүк лифтінің кабинасын жөндеу жұмыстарын сатып алу
№ п/п: 13204
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 30.07.2019 15:30
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 06.08.2019 15:30
Хабарламаның толық мәтіні:
1. Қазақстан Республикасы, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Әкімшілік басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(727) 2788-104 ішкі 5445, www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жолаушы-жүк лифтінің кабинасын жөндеу жұмыстарын сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Жолаушы-жүк лифтінің кабинасын жөндеу жұмыстары (бұдан әрі – Жұмыстар) сатып алу үшін бөлінген сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 3 482 142,86 теңге.
3. Көрсетілетін Жұмыстарға толық ерекше нұсқама техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген (шартқа қосымша).
4. Жұмыстарды орындау орны – Алматы қ., «Көктем-3» ш/а, 21-үй.
5. Ақы төлеу талаптары - шарт бойынша төлемді Тапсырыс беруші Тараптардың уәкілетті тұлғалары толық көлемде орындалған Жұмыстарды қабылдау-өткізу актісіне қол қойғаннан кейін және Мердігер шот-фактураны ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Мердігердің банктік шотына шарттың Жалпы сомасының 100% (жүз пайызы) мөлшерінде ақша аудару арқылы жүзеге асырады.
6. Жұмыстарды орындау мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2019 жылғы 30 шілденің 15 сағат 30 минуттан бастап.
8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылғы 06 тамыздың 15 сағат 30 минутына дейін.
9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, 201 кабинет.
10. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 06 тамыздың 16 сағат 30 минутта, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, мекенжайында 204 кабинетте ашылады.
11. Жолаушы-жүк лифтінің кабинасын жөндеу жұмыстарын сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ:
12. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.
13. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.
14. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.
15. Шартқа жобасына қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:
- мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
- толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
- бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат.
16. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.
17. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.