164 А шағын станциясынан бастап РП-181-ге дейін ҚР Ұлттық Банкінің орталық аппаратының ғимаратына электрмен қамтудың резервтік қосылуын орнатуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын сатып алу
№ п/п: 13203
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 30.07.2019 11:30
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 06.08.2019 11:30
Хабарламаның толық мәтіні:
1. Қазақстан Республикасы, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Әкімшілік басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(727) 2788-104 ішкі 5445, www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 164 А шағын станциясынан бастап РП-181-ге дейін ҚР Ұлттық Банкінің орталық аппаратының ғимаратына электрмен қамтудың резервтік қосылуын орнатуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
2. 164 А шағын станциясынан бастап РП-181-ге дейін ҚР Ұлттық Банкінің орталық аппаратының ғимаратына электрмен қамтудың резервтік қосылуын орнатуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын (бұдан әрі – Жұмыстар) сатып алу үшін бөлінген сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 8 928 571,43 теңге.
3. Жобалау-сметалық құжаттаманы техникалық тапсырмаға (Техникалық ерекше нұсқама) және ҚР ҚН 1.02-03-2011 «Құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы» сәйкес әзірлеу.
4. Әлеуетті жеткізуші өз өтінім құрамында кез келген санатының жоба қызметіне мемлекеттік лицензиясын ұсынуға қызметтің лицензияланатын түрінің мынадай – инженерлік жүйелерін және желілерін жобалау, оның ішінде 35кВ, 110 кВ және одан жоғары электрмен жабдықтау міндетті тармағының болуы.
5. Сатып алу туралы техникалық ерекше нұсқама қоса беріледі.
6. Электрмен жабдықтау желісі трассасының схемасы қоса беріледі.
7. Жұмыстарды орындау орны – Алматы қ., «Көктем-3» ш/а, 21-үй.
8. Ақы төлеу талаптары - тапсырыс беруші шарт бойынша ақы төлеуді Мердігердің банк шотына мынадай тәртіппен:
- Шарттың жалпы сомасынан 10% (он пайыз) мөлшеріндегі алдын ала төлем – Шарт күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
- Шарттың жалпы сомасынан 40% (қырық пайыз) мөлшеріндегі аралық төлем – Мердігер Жобаны әзірлеуді аяқтаған және Тараптар орындалған Жұмыстардың аралық актісіне қол қойған және Мердігер шот-фактураларды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
- Шарттың жалпы сомасынан 50% (елу пайыз) мөлшеріндегі түпкілікті төлем – Жобаны ведомстводан тыс кешенді сараптаудың оң қорытындысын алған және Тараптар толық көлемде орындалған Жұмыс актісіне қол қойған және Мердігер шот-фактураларды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақша аудару арқылы жүргізеді.
9. Жұмыстарды орындау мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн.
10. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2019 жылғы 30 шілденің 11 сағат 30 минут бастап.
11. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылғы 06 тамыздың 11 сағат 30 минут дейін.
12. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, 201 кабинет.
13. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 06 тамыздың 12 сағат 30 минутта, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, мекенжайында 204 кабинетте ашылады.
14. 164 А шағын станциясынан бастап РП-181-ге дейін ҚР Ұлттық Банкінің орталық аппаратының ғимаратына электрмен қамтудың резервтік қосылуын орнатуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр.
15. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге орындалатын Жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ:
16. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.
17. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.
18. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.
19. Шартқа жобасына қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:
- мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
- толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
- бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат;
- ағымдағы бағалардағы жұмыс құнының есебі;
- лицензияланатын қызмет түрінің мынадай кіші түрінің міндетті түрде болуымен кез келген санаттағы жобалау қызметіне - Инженерлік жүйелер мен желілерді жобалауға, оның ішінде 35 кВ-қа дейін, 110 кВ-қа дейін және одан жоғары электрмен жабдықтауға мемлекеттік лицензияны.
20. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.
21. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.