1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

DefensePro 206 IPS & Behavioral Protection бағдарламалық қамтамасыз етуге техникалық қолдау қызметтерін сатып алу

№ п/п: 13633

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 22.05.2020 12:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 29.05.2020 12:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Сатып алу туралы хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, Қауіпсіздік департаменті, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй;  тел: 2788-104 (ішкі.:1057), 2788-104 (ішкі.:1888), электрондық мекенжайы: Zholaman.B@nationalbank.kz, Katanaev@nationalbank.kz. DefensePro 206 IPS & Behavioral Protection бағдарламалық қамтамасыз етуге техникалық қолдау қызметтерін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың өткізілетіні туралы хабарлайды.

Қызметтің атауы және сатып алу жоспарына сәйкес сатып алуға бөлінген сомасы:

Қызметтің атауы

Өлш. бірл.

Саны

ҚҚС-ты қоспағанда, сатып алуға бөлінген сома, теңге

1

2

3

4

5

1.

DefensePro 206 IPS & Behavioral Protection техникалық қолдау

Қызмет

1

7 641 856,60

Қызмет көрсету орны Шартқа сәйкес.

Қызмет көрсету мерзімдері мен ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынатын орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй;

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді ұсыну күні мен уақыты:

2020 жылғы «22» мамырдағы сағат 12:00-ден 2020 жылғы «29» мамырдағы сағат 12:00-ге дейін.  

Баға ұсыныстары салынған конверттері ашу күні мен уақыты:

2020 жылғы «29» мамырдағы сағат 12:30-да.

Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылатын Қызметке техникалық Ерекше нұсқама ұсынуы тиіс.

Сатып алу туралы шарттың жобасы және техникалық ерекше нұсқама қоса беріледі.

Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарламада көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бір) баға ұсынысын ғана береді.

Әлеуетті жеткізуші желімделген конверттің беткі жағына мыналарды көрсетеді:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы және почталық мекенжайы;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауы және почталық мекенжайы;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылатын сатып алу атауы.

Баға ұсынысы ҚРҰБ Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндеттенеді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
  • Толық деректемелер көрсетілген банктен анықтама;
  • Бірінші басшыны тағайындауға бұйрық;
  • Осы қызметтерді көрсетуге рұқсат құжаттары.

Жеке кәсіпкер үшін

  • ЖК тіркеу туралы куәлік;
  • Толық деректемелер көрсетілген банктен анықтама;
  • Жеке куәлік;
  • ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
  • Осы қызметтерді көрсетуге рұқсат құжаттары.

Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

ҚД директор
орынбасарының  м.а.                                                 Г. Арипжанов

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға