1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Шатырды ағымдағы жөндеу жұмыстарды сатып алу

№ п/п: 13630

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 21.05.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 28.05.2020 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, C00Y4P0, Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 214 үй тел. 8 (7162) 55-18-00 ішкі 2221, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ағымдағы шатырды жөндеу жұмыстарды (бұдан әрі - Жұмыс) сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Сатып алу үшін бөлінген сомалар көрсетілген, орындалатын жұмыстың көлемі: 1 жұмыс-  ҚҚС сомасын есептемегенде 6 911 393,00 теңге.

3. Техникалық сипаттама қоса беріледі.

4. Жұмыс орындалатын орны: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 214 үй.

5. Жұмысты орындауға талап етілетін мерзімдері: Шартқа күшіне енгеннен кейін 90 (тоқсан) күнтізбелік аралығында.

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі, орны: 2020 жылғы «21» мамыр сағат 09.00-ден бастап 2020 жылғы «28» мамыр сағат 10.00-ге  дейін, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 214 үй.

7. Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты және орны: 2020 жылғы
«28» мамыр, сағат 11.00-де, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 214 үй, мәжіліс залы.

8. Ақы төлеу талаптары: төлем шарттың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

9. Маңызды талаптары көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі.

Қосымша ақпарат.

1. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы төмендегі құжаттарды қоса бере отырып (8-қосымша) нысанға сәйкес

құрылыс жұмыстары жүзеге асыруға кемінде I санаттағы мемлекеттік лицензияның көшірмелері.

2. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарламада көрсетілген ақпаратты (құжаттарды) қоса, тек 1 (бір) баға ұсынысын (нысан қоса беріледі) ұсынады.

3. Баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын беру уақыты мен күніне дейін почта арқылы немесе әдейі жабық конвертте ұсынылады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында  мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауын  және пошта заңды мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының толық атауын  және пошта мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

4. Әлеуетті жеткізушінің өкілі өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат, жеткізушінің мүдделерін білдіру құқығымен берілген сенімхат (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсынысы бар конвертті беру, сондай-ақ баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсіміне кіруге рұқсаты) болуы керек.

5. Сатып алуда жеңімпаз болып танылған әлеуетті жеткізуші Шартқа қол қою үшін мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

Толық мәліметтері бар банктен анықтама;

 5. Жеңімпаз болып танылған әлеуетті жеткізуші Шарттың жобасына қол қояды және сатып алуды ұйымдастырушыға оған қол қойылған шарттың жобасын берген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жеткізуді ұсынады.

6. Қосымша ақпаратты 1-тармақта көрсетілген телефон арқылы алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға