1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Шет тілдері саласындағы білім беру қызметін сатып алу

№ п/п: 13629

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 20.05.2020 17:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 27.05.2020 17:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды
өткізу туралы хабарлама

1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Адам капиталын дамыту департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй.

2. Сатып алынатын қызметтердің атауы:

Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен шет тілдері саласындағы білім беру қызметін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

3. Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын қоспағанда 9 858 571,43 теңге

4. Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы қосыла беріледі.

5. Қызмет көрсету орны және мерзімі: Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылы бойы тапсырыс берушінің аумағында.

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2020 жылғы «20» мамыр сағат 17 сағат 00 минуттан бастап. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы 2020 жылғы «27» мамыр 17 сағат 00 минут.

Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолмақол «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментіне осы мекенжайы бойынша беріледі

Баға ұсыныстары салынған конверттер  2020 ж. «27» мамырда 17 сағат 30 минутта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментінде №423 бөлмеде ашылады.

7. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы берілген.

8. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын көрсетуі өткізілетін сатып алудың шарттарында көзделген талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

Әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын береді.

Сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші тапсырыс беруші қол қойған және тапсырыс берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкері әр бетіне қол қойған сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және жеңімпазға жібереді (ұсынады).

Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші қол қойылған сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге беріледі.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 2704-521

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға