Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан әкімшілік үйінің аумағын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу
№ п/п: 13253
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 06.09.2019 15:30
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 13.09.2019 15:30
Хабарламаның толық мәтіні:
1. Қазақстан Республикасы, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Әкімшілік басқармасы арқылы (Ұйымдастырушы), 8(727) 2788-112 ішкі 5445, www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан әкімшілік үйінің аумағын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан әкімшілік үйінің аумағын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарын (бұдан әрі – Жұмыстар) сатып алу үшін бөлінген сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 8 514 108,04 теңге.
3. Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімінің құрамында объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын ғимараттар мен құрылыстардың көтергіш конструкцияларын және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызу үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға кез келген санаттағы мемлекеттік лицензияның көшірмесін ұсынуы тиіс, оның ішінде:
- металл конструкцияларды монтаждау.
4. Сатып алу туралы техникалық ерекше нұсқама қоса беріледі.
5. Жұмыстарды орындау орны – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: А05В0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан әкімшілік үйінің аумағы.
6. Ақы төлеу талаптары - тапсырыс беруші шарт бойынша ақы төлеуді мердігердің банк шотына мынадай тәртіппен ақша аудару арқылы жүргізеді:
- аралық төлеу – орындалған Жұмыстың аралық актісі және орындалған Жұмыстың және шығындар құны туралы анықтама негізінде орындалған Жұмыс фактісі бойынша айына бір реттен жиі емес, орындалған Жұмыстың 10 % (он пайыз) мөлшердегі түпкілікті ақы резервін қалыптастыруға арналған соманы шегере отырып, Тараптардың жауапты тұлғалары оларға қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
- түпкілікті ақы төлеу – Тараптардың уәкілетті тұлғалары тексерген және қол қойған, орындалған Жұмыс актісіне және орындалған Жұмыстың және шығындар құны туралы анықтамаға, сондай-ақ толық көлемде орындалған Жұмыстарды қабылдау-өткізу актісіне қол қойған және Мердігер шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
7. Жұмыстарды орындау мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн.
8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 2019 жылғы 06 қыркүйектің 15 сағат 30 минуттан бастап.
9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 2019 жылғы 13 қыркүйектің 15 сағат 30 минутына дейін.
10. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, 201 кабинет.
11. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 жылғы 13 қыркүйектің 16 сағат 30 минутта, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67-үй, мекенжайында 204 кабинетте ашылады.
12. Алматы қ., Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан әкімшілік үйінің аумағын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр.
13. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге орындалатын Жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ:
14. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.
15. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:
- әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.
16. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.
17. Шартқа жобасына қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:
- мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
- толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
- бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат;
- ағымдағы бағалардағы жұмыс құнының есебі;
- объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын ғимараттар мен құрылыстардың көтергіш конструкцияларын және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызу үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға кез келген санаттағы мемлекеттік лицензияның ұсынуы тиіс, оның ішінде:
- металл конструкцияларды монтаждау.
18. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.
19. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.