«Жобалық тәуекелдерді басқару» курстарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу
№ п/п: 13366
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 15.11.2019 17:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 22.11.2019 17:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды
өткізу туралы хабарлама
1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Адам капиталын дамыту департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй.
2. Сатып алынатын қызметтердің атауы:
Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен «Жобалық тәуекелдерді басқару» курстарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
3. Көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі): Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1 қызметкері үшін «Жобалық тәуекелдерді басқару» курстары.
4. Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын қоспағанда 178 571,43 теңге.
5. Қызмет сипаттамалары: тәжірибелі, сертификаты жоқ қызметкерлер үшін 30 академиялық сағаттан кем емес авторланған курстар PMBOK 6.0-де қарастырылған каскадтық модель мен жобаларды басқарудың икемді әдістемелерін ескере отырып, жобалық қызмет барысында күнделікті негізде қолданылатын және маңызды, пайдалы және заманауи құралдар мен әдістер жиынтығын қамтуы керек.
Жаттықтырушыға қойылатын талаптар: PMI институтының осы саладағы сертификаты, оқытушылық 5 жылдан кем емес тәжірибесінің болуы.
Сертификаттау: курстар аяқталған соң сәйкес сертификат беру.
6. Қызмет көрсету орны және мерзімі: Алматы қаласында 2019 жыл ішінде жеткізушінің аумағында.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 жылғы «15» қарашада сағат 17 сағат 00 минуттан бастап. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы 2019 жылғы «22» қарашада 17 сағат 00 минут.
Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолмақол «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментіне келесі мекенжайы бойынша беріледі.
Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 ж. «22» қарашада 17 сағат 30 минутта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментінде №423 бөлмеде ашылады.
8. Тапсырыс беруші нақты көрсетілген қызмет дерегі бойынша ақы төлеуді тараптардың уәкілетті адамдары көрсетілген қызмет актісіне қол қойған және тапсырыс беруші шот-фактураны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жеткізушінің банктік шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырады.
9. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын көрсетуі өткізілетін сатып алудың шарттарында көзделген талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
1) әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
2) сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын береді.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 330 25 57.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.