1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

DDoS шабуылдарынан қорғаудың аппараттық-бағдарламалық кешенін қайта сатып алу

№ п/п: 13627

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 15.05.2020 17:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 25.05.2020 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Қаржы департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, БСН 941240001151, ЖСК KZ86125KZT5004100100, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-де, БЖК NBRKKZKX, Кбе 13 электрондық мекенжай: Nazgul.Sabyrbekova@nationalbank.kz, тел. 8 727 2788 104, ішкі 3980, DDoS шабуылдарынан қорғаудың аппараттық-бағдарламалық кешенін (бұдан әрі – Тауар) тендер тәсілімен қайта сатып алу бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.

Тендер талаптары:

1. Сатып алынатын Тауардың атауы, саны және сатып алуға бөлінген сома тендер талаптарының 1-қосымшасында көрсетілген.

2. Сатып алынатын Тауардың техникалық ерекше нұсқамасы тендер талаптарының 2-қосымшасында көрсетілген.

3. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарт жобасы тендер талаптарының 3-қосымшасында көрсетілген.

4. Тауарды жеткізу орны сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген.

5. Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі сатып алу туралы шарттың жобасында көрсетілген.

Тендерлік өтінімді тапсыру және рәсімдеу тәртібі Қағидалардың 4 бөлімінде көзделген. Конверттерге жабылып берілген тендерлік өтінімдерді әлеуетті жеткізуші немесе оның уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушының қолына не тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып келесі мекен-жайы бойынша ұсынады: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, Қаржы департаменті, 303 каб.

Тауарды сатып алу үшін бөлінген сомадан 1 (бір) пайыз мөлшерінде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету Қағидалардың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына кепілдік берілген ақша жарнасы енгізілгенін растайтын төлем құжаты түрінде енгізіледі:

- Қазақстан теңгесімен төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, БСН 941  240  001  151, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-дегі ЖСК KZ86125KZT5004100100, БСК NBRKKZKX, Бек 13;

- Ресей рубліндегі төлемдер үшін: бенефициар банкі: Мемлекетаралық банк, Москва қ., БСК: 044525362, коршот: 30101810800000000362, ССН: 9909400764, ҚРҰБ шоты: 30111810800000000039; бенефициар банкі: ЖАҚ Сбербанк России, Москва қ., БСК: 044525225, коршот: 30101810400000000225, ССН: 7707083893, ҚРҰБ шоты: 30111810000000000124;

- АҚШ долларымен төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, SWIFT: NBRKKZKX, бенефициар банкі: CITIBANK N.A., NEW YORK, SWIFT: CITIUS33XXX, ACCOUNT: 36017752;

- Еуромен төлемдер үшін: бенефициары – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, SWIFT: NBRKKZKX, бенефициар банкі: DEUTSCHE BANK AG FRANKFURT AM MAIN, SWIFT: DEUTDEFFXXX, ACCOUNT: 100 9498775 0000; бенефициар банкі: DEUTSCHE BUNDESBANK, ZENTRALE FRANKFURT AM MAIN, SWIFT: MARKDEFFXXX, ACCOUNT: 5040040039.

Тендерлік өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық тендерлік өтінімдер Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін деп тендерлік комиссия қабылдамайды.

6. Тендерлік өтінім берудің түпкілікті мерзімі 2020 жылғы «25» мамыр 10 сағат 00 минутқа дейін қоса еалғанда.

7. Тендерлік өтінімдер 2020 жылғы «25» мамыр 11 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі., 67-үй, 302/2 каб. ашылады.

8. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2020 жылғы «20» мамыр 10 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би
к-сі., 67-үй, Қаржы департаменті, 303-каб, тел. 8 727 2788 104, ішкі 3980, электрондық пошта мекенжайы – Nazgul.Sabyrbekova@nationalbank.kz.

9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

  1.  тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) www.nationalbank.kz интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;
  2.  тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен хабарлайды.

10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2020 жылғы «22» мамыр 10 сағат 00 минуттан кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.

Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің интернет-ресурсында тендер талаптарына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.

Тендерлік өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күнге ұзартылады.

11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші Тауарды сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынады.

Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.

12. Отандық әлеуетті жеткізушілердің тендерлік баға ұсыныстары теңгемен, тиынмен жүздік үлеспен берілуі тиіс.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 727 2788 104, ішкі 3980.

Тендерлік комиссия хатшысы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы департаменті сатып алу басқармасының бас маманының м.а. – Сабырбекова Назгул Абилбековна.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға