1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚРҰБ-нің SWIFT БТК үшін вирусқа қарсы БҚЕ техникалық қолдау қызметі

№ п/п: 13618

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 06.05.2020 16:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 15.05.2020 16:00

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

ҚР ҰБ РММ Қаржылық технологиялар басқармасы (ары қарай- Сатып алуды ұйымдастырушы), мекенжайы: Қазақстан Республикасы, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, тел. 8 (727) 2704-760, 2704-705, 87017690193, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ҚРҰБ-нің SWIFT БТК үшін вирусқа қарсы БҚЕ техникалық қолдау қызметін сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

Сатып алу үшін бөлінген сома; ҚҚС сомасын қоспағанда 63 000,00  теңге.

Көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы- Қызметтің толық сипаттамасы Техникалық сипаттамада көрсетілген.

Сатып алынатын қызметтің маңызды талаптары:

Қағиданың[1] 172-тармағына сәйкес қызметті сатып алу шот-фактура негізінде  жүзеге асады;

Қызмет Жеткізушінің электронды кілтті (бұдан әрі - Кілт) сериялық нөмірлерімен сатып алуды Ұйымдастырушының: it@nationalbank.kz электрондық поштасына жеткізуі арқылы расталады;

Қызметті көрсету орны: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй;

Кілтті ұсыну мерзімі - 2020 жылғы 10 маусымнан кешіктірмей;

Кілтті іске қосу мерзімі - 2020 жылғы 5 тамыз;

Қызмет көрсету мерзімі: Кілтті іске қосқан күннен бастап 12 ай;

Кілтті ұсынғаннан кейін, түсініктемелер мен келіспеушіліктер болмаған жағдайда, Сатып алуды ұйымдастырушы мен Жеткізушінің уәкілетті тұлғалары көрсетілген қызмет актісіне қол қояды;

ақаулар[2] анықталған жағдайда, Тапсырыс беруші Актіні алған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей жеткізушіге жазбаша хабарлама жібереді, ал Жеткізуші Тапсырыс берушіден жазбаша хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде барлық бұл кемшіліктерді жоюға міндетті. Қолданыстағы кемшіліктер жойылғаннан кейін актіге Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қояды;

ақауларды жоюдың мерзімдері бұзылған жағдайда - Жеткізуші кемшіліктерді жою күнін қосқандағы әрбір күнтізбелік күн үшін Қызметтердің жалпы құнының 0,1% (оннан бір нөлдік ондық) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттенеді, бірақ кемшіліктерді жою күнін қосқанда, бірақ барлығы Қызмет құнының 5% (бес пайыз) аспауы тиіс.

ақауларды жою мүмкін болмаған / бас тартқан жағдайда Жеткізуші Тапсырыс берушіге Қызметтердің жалпы құнының 10% (он пайыз) көлемінде айыппұл төлеуге және Тапсырыс беруші көрсеткен Қызмет үшін төлеген төлем сомасын қайтаруға міндеттенеді.

Төлем шарттары: Қызметтің төлемі көрсетілген қызмет туралы актіге уәкілетті тұлғалары қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей және Жеткізішіден шот-фактураны алғаннан кейін Жеткізушінің банктік шотына шот-фактурада көрсетілген соманың 100% (жүз пайыз) мөлшерінде ақша аудару арқылы қамтамасыз етіледі.

Техникалық ерекше нұсқамасы:

Сатып алудың атауы

Өлшем бірлігі

Сипаттамасы

WildCardSSL сертификатына техникалық қолдау

 

Қызмет

ESET NOD32 Antivirus Business Edition for 10 users өнімінің жаңартуы:

  • Жеткізушінің техникалық қолдау көрсету кезеңін көрсете отырып,  Өнімді өндіруші компаниядан (құқық иесінен) электронды кілтті ұсыну;
  • Өнімді өндіруші компаниядан (құқық иесінен) стандартты техникалық қолдау:

- Өнімді өндіруші компанияның (құқық иесінің) техникалық қолдауының ақпараттық жүйесіне қолжетімділік, техникалық мәселелер бойынша консультация алу;

- лицензияларды бір компьютерден екіншісіне  ауыстырған, компьютерді ауыстырған, пайдаланушының компьютердегі операциялық жүйені қайта қондырған кезде көмек көрсету.

 

 

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің басталуы: 2020 жылғы  6 мамыр 16 сағат 00 минут.

Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді түпкілікті беру мерзімінің аяқталуы: 2020 ж. 15 мамыр 16 сағат 00 минут.

Баға ұсыныстары салынған конверттер  2020 ж.  15 мамыр 16 сағат 30 минутта, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, №317/1  бөлмеде, мекен жайы бойынша ашылады.

Өзге де ақпарат:

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
  2. көрсетілетін Қызметтің атауы;
  3. көрсетілетін Қызмет мерзімдері;
  4. қосалқы құн салығын қоспағандағы Қызметтің біреуінің бағасы және Қызметті көрсетуге байланысты шығындары қосылған Қызметтің жалпы бағасы;
  5. әлеуетті жеткізуші Қызмет үшін қол қойған техникалық ерекше нұсқамадан тұратын, әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол бар болса) бекітілген әр лот бойынша тек бір ғана баға ұсынысын береді.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін қатысу үшін сатып алынатын Тауардың атауы.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 2704-760, 2704-705, 87017690193.


[1] Қағиданың 172 тармағы - Ауызша нысанда республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға, сондай-ақ жасау кезінде орындалатын, мәмілелерді жасау фактісін (чек, инвойс, қабылдау-өткізу актісі, төлем жасауға шот, шот-фактура, жүк құжаттамасы, билет немесе әдетте қабылданған растайтын өзге белгі) растайтын құжаттар болған кездегі мәмілелер жасалуы мүмкін.

[2] Ақаулар - Кілттерді қабылдау және беру және (немесе) Қызметтерді ұсыну кезеңінде көрсетілетін қызметтердің қателіктерін, ақауларын, кемшіліктерін, сәйкессіздіктерін, кемшіліктерін анықтау.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға