1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ғимараттың қасбеті мен кіретін тобын күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын сатып алу

№ п/п: 13612

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 30.04.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 12.05.2020 18:30

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы («Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы Әкімшілік-шаруашылық бөлімі 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137) 8(726) 2999-353, ішкі 2846, ғимараттың қасбеті мен кіретін тобын күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Тараз қ., Қазыбек би көшесі, 137 мекенжайындағы ғимараттың қасбеті мен кіретін тобын күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын (бұдан әрі – Жұмыстар)  сатып  алу  үшін бөлінген  сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 6630357,14 теңге.

3. Жобалау-сметалық құжаттаманы техникалық тапсырмаға (Техникалық ерекше нұсқама) және ҚР ҚН 1.02-03-2011 «Құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы» сәйкес әзірлеу.

4. Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімінің құрамында лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлерінің міндетті түрде болуымен І санаттағы жобалау қызметіне мемлекеттік лицензияны ұсынуы тиіс және ғимараттың қасбетінің эскизін Тараз қ. жергілікті мекемесімен келісуді міндетіне алады.

5. Сатып алу туралы техникалық ерекше нұсқама қоса беріледі.

6. Жұмыстарды орындау орны  –  Тараз қ., Қазыбек би көшесі, 137-үй.

7. Ақы төлеу талаптары - тапсырыс беруші шарт бойынша ақы төлеуді Жеткізушінің банк шотына мынадай тәртіппен:

Тапсырыс беруші Шарт бойынша орындалған Жұмыс үшін төлемді Жеткізушінің банк шотына нақты орындалған Жұмыс үшін Тараптар орындалған Жұмысты қабылдау-тапсыру актісіне (бұдан әрі – Акт) қол қойғаннан және Жеткізуші шот-фактураны алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ақша аудару арқылы жүргізеді

8. Жұмыстарды орындау мерзімі: шарт күшіне енген күннен бастап 2020 жылғы 01 қарашаға дейін.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруді бастауы: 30.04.2020ж. сағат 09:00.  

10. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзімі: 12.05.2020ж. сағат 18:30 дейін. 

11. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалы, 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137-үй, 207 кабинет.   

12. Баға ұсыныстары салынған конверттер 12.05.2020 ж. сағат 18:30 080000, Тараз қ., Қазыбек би көш., 137, 207 кабинетте ашылады. 

13. Тараз қ., Қазыбек би көш., 137 мекенжайындағы әкімшілік ғимараттың орталығын бөлігіне түбегейлі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын сатып алу туралы шарт жобасы қоса беріліп отыр.

14. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге орындалатын Жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

15. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтермен (құжаттармен) қоса бір ғана баға ұсынысын береді.

16. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін баға ұсынысын конвертке салып, пошта арқылы немесе қолма-қол береді. Баға ұсынысы салынған конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын көрсетеді.

17. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуға тиіс.

18. Шартқа жобасына қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:

  1. мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  2. ҚҚС (егер салынса) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
  3. толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  4. бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, сенімхат;
  5. ағымдағы бағалардағы жұмыс құнының есебі;
  6. лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлерінің міндетті түрде болуымен І санаттағы жобалау қызметіне мемлекеттік лицензияны ұсынуы тиіс.

19. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

20. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 1-тармақта көрсетілгені бойынша алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға