1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Матадан жасалған қаптарды сатып алу

№ п/п: 13610

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 29.04.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 13.05.2020 11:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. Сатып алуды ұйымдастырушының және тапсырыс берушінің атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы), орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, А01Т7М2, Алматы қаласы. Райымбек даңғылы, № 511 үй, тел. 8 (727) 25-88-707, 25-88-775.

2. Сатып алуды ұйымдастырушы www.nationalbank.kz интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен матадан жасалған қаптар сатып алатыны туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

3. Тауардың саны және сатып алу үшін бөлінген сома ҚҚС сомасын есептемегенде:

 

Тауар атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Тауарды сатып алу үшін бөлінген сома ҚҚС сомасын есептемегенде (тенге)

1

Матадан жасалған қап (12*20 cм.)

дана

1000

158 760,00  

2

Матадан жасалған қап (20*30 см.)

дана

50

16 000,00  

3

Матадан жасалған қап

(30*50 см.)

дана

50

24 000,00  

4. Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол болған кезде) көрсетілген, сатып алынатын тауарлардың қысқаша сипаттамасы ерекше нұсқамада көрсетілген (Шарттың қосымшасы).

5. Тауар жеткізу орны: Алматы қаласы. Райымбек даңғылы, № 511 үй.

6. Тауар жеткізу мерзімі: Шарт жобасында көрсетілген.

7. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны, басталу және аяқталу мерзімі:

Басталуы: 2020 ж. «29» сәуір 09 сағат 00 минут.

Аяқталу мерзімі: 2020 ж. «13» мамыр 11 сағат 00 минутқа дейін.

Беру орны – Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, № 511 үй.

9. Баға ұсыныстары салынған конверттер  2020 ж. «13» мамыр 11 сағат 30 минутта, Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, № 511 үй, № 1.46 бөлме мекенжайы бойынша ашылады.

10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 8-қосымшасына сай Баға ұсынысының нысаны және Сатып алу туралы шарт жобасы қоса берілген.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
  2. жеткізілетін Тауардың атауы;
  3. ҚҚС есептемегенде бір Тауардың бағасы және  Тауар жеткізуімен байланысты шығындары қосылған Тауардың жалпы бағасы;

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуі тиіс, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген, баға ұсыныстары салынған конверттерді берудің түпкілікті мерзіміне дейін желімделген конвертте пошта арқылы немесе баға ұсыныстарын тіркеу журналына қол қойғыза отырып, қолына беріледі. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатты, қажет болған жағдайда өз атына берілген, осы сатып алуды Жеткізушінің мүддесін білдіру (баға ұсынысы бар конвертті сатып алуды ұйымдастырушыға тапсыру, сондай-ақ баға ұсыстары бар конверттерді ашу рәсіміне қатысу) құқығын беретін сенімхат болуы керек. 

Баға ұсыныстары салынып желімделген конверттің бет жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды көрсетеді:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін, сатып алынатын Тауардың атауын.

3. Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші конверттерді ашқанға дейін бір жұмыс күні бұрын Тапсырыс берушіге уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген жазбаша хабарламаны, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін береді.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.

Жеке кәсіпкер үшін: 

  • ЖК тіркеу туралы куәлік (анықтама, хабарлама);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Жеке куәлігі;
  • ҚҚС бойынша (егер салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік.

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын оған берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде шарт жобасы сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.

6. Қосымша анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (727) 25-88-707, 25-88-775.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға