Интернет оқыту ресурсына ақпараттық-техникалық қолдау көрсету бойынша қызметтерді сатып алу
№ п/п: 13161
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 28.06.2019 18:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 05.07.2019 18:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
- Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй мекенжайында, орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ (Тапсырыс беруші) Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Ұйымдастырушы).
- Сатып алуды ұйымдастырушы мамандандырылған оқытатын fingramota.kz интернет-ресурсын ақпараттық-техникалық қолдау көрсету қызметін (бұдан әрі – Қызметтер) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
- Сатып алу үшін бөлінген жалпы сома:
ҚҚС сомасын есептемегенде 9 500 000 теңге;
- Сатып алынатын Қызметке қысқаша сипаттама:
мамандандырылған оқытатын интернет-ресурсына ақпараттық-техникалық қолдау қызметі бойынша қызметтер, оларға мыналар кіреді: сайтты техникалық қолдау және оны қызмет көрсету, сайттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаларын ақпараттық толықтыру, алға жылжыту және қолдау мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде сайттың интерактивке ақпараттық қолдау және жаңарту;
5. Қызметке толық ерекше нұсқама Техникалық ерекше нұсқамада (Шартқа 1-қосымшада) көрсетілді).
6. Қызмет көрсету орны: «Шарттағы жағдайларға сәйкес;
7. Ақы төлеу талаптары: Шарттағы жағдайларға сәйкес.
8. Қызмет көрсетуге талап етілетін мерзімдері: Шартқа және Техникалық ерекше нұсқамаға (Шартқа қосымша) сәйкес;
9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67;
10. Әлуетті жеткізушілер баға ұсыныстарын беруді бастау мерзімі: 2019 жылғы 28 маусымда сағат 11.00;
11. Баға ұсыныстарын әлеуетті жеткізушілерді ұсынудың түпкілікті мерзімі: 2019 жылғы 5 шілде сағат 18.00.
12. Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы 5 шілде сағат 18.30: A05B0Y8, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67;
13. Шарттың маңызды талаптарды, оның ішінде техникалық талаптарды көрсете отырып, жобасы қоса беріледі.
14. Әрбір баға ұсынысы бар әлеуетті жеткізуші көрсетілетін Қызметтің техникалық ерекше нұсқамасын ұсынуға тиіс. Баға ұсынысы Хабарландыруға қосымшаға сәйкес ұсынылуы тиіс
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
1. Әрбір әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған кезде) бекітілген бір ғана баға ұсынысын береді, онда мына мәліметтер мен құжаттар қамтылады:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
2) көрсетілетін Қызметтердің атауы;
3) Қызмет көрсету мерзімі мен кезеңі;
4) қосылған құн салығын есепке алмағанда, оған Қызмет көрсетуге байланысты шығыстар қосылған Қызмет құны;
5) әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама.
Баға ұсынысы Хабарландырудың қосымшасына сәйкес ресімделуі тиіс, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
2. Баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары бар конверттерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін жабық конвертте пошта немесе қолға беру арқылы ұсынылады. Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің беткі жағында:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы;
2) сатып алуды ұйымдастырушының сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін атауы, телефоны және пошталық мекенжайы;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін сатып алынатын Қызметтің атауы.
3. Әлеуетті жеткізушінің өкілі өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүдделерін білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхаты (баға ұсынысы бар конвертті сатып алуды ұйымдастырушыға беру, сондай-ақ баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсіміне жіберу) болуға тиіс.
4. Шартқа қол қою үшін сатып алу жеңімпазы деп танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс:
Заңды тұлғалар үшін:
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салық салынатын болса);
Банктен толық деректемелері көрсетілген анықтама;
Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
ЖК тіркеу туралы куәлік;
Банктен толық деректемелері көрсетілген анықтама;
Жеке куәлігі;
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салық салынатын болса).
5. Жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші шарт жобасына қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.
6. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 727 330-24-97, +7 7014661058.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.