1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қойманың желдетпе мен жылу беру жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстарын сатып алу

№ п/п: 13604

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 21.04.2020 12:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 29.04.2020 12:00

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Павлодар филиалы, мекенжайы: S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй,

қойманың желдетпе мен жылу беру жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстарын (бұдан әрі – Жұмыс) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Жұмыстарды орындаудың талап етілетін көлемі, сатып алуға бөлінген сома:

- Сатып алу туралы шарт жобасының (бұдан әрі – Шарт жобасы) талаптарына және жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ) сәйкес сатып алуға бөлінген сома,  ҚҚС есептемегенде12 790 358,04 теңге.

3. Сатып алынатын жұмыстардың қысқаша сипаттамасы:

- Шарт жобасының талаптарына және ЖСҚ сәйкес (қоса беріледі).

4. Сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекше нұсқамасы: Жұмыстарға арналған Техникалық ерекше нұсқама және ЖСҚ қоса беріледі.

5. Жұмыстарды орындау орны: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі. 44-үй.

6. Жұмыстарды орындау бойынша талап етілетін мерзім:

- Шарт жобасының талаптарына сай.

7. Ақы төлеу талаптары: шарттың талаптарына сәйкес.

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2020 жылғы «21» сәуір сағат 12:00-ден бастап. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2020 жылғы «29» сәуір сағат 12:00-ге дейін. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың орны - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, 320-каб., әкімшілік-шаруашылық бөлім.

9. Баға ұсыныстары бар конверттер 2020 жылғы «29» сәуірде сағат 12:10-да мына мекенжайда ашылады: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы, S03B4H4, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44-үй, 312-каб., әкімшілік-шаруашылық бөлім.

10. Сатып алу туралы шарт жобасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасы қоса беріледі.

11. Қағидалардың 139-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттың (хабарламаның) көшірмелерін ұсыну қажет:

І санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына мемлекеттік лицензияда келесі түрдегі лицензияланған жұмыстар түрі болуы міндетті:

1) ғимараттар мен құрылыстардың негізгі және (немесе) қоршау құрылғыларын (оның ішінде көпірлерді, көлік эстакадаларын, тоннелдерді және өтпе жолдарды, өзге жасанды құрылыстарды) объектілерді күрделі жөндеу мен қайта салу қамтылатын жаңғырту, оның ішінде:

- металл құрылғыларды монтаждау;

2) инженерлік желілерді және жүйелерді күрделі жөндеу мен қайта салу қамтылатын құру, оның ішінде:

- электрмен жабдықтау желілерін және сыртқы электр жарығы, ішкі электр жарығы және электрмен жылыту жүйелерінің құрылғылары. 

12. Әрбір әлеуетті жеткізуші баға ұсынысымен бірге ұсынылып отырған Жұмысқа техникалық ерекше нұсқаманы ұсынуға тиіс.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші келесі мәліметтерді (құжаттарды) қоса беріп:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
  2. сатып алынатын Жұмыстардың атауы;
  3. Жұмысты орындау мерзімдері;
  4. қосалқы құн салығын есептемегендегі Жұмыстардың біреуінің бағасы және Жұмыстарды орынудамен байланысты шығындары қосылған Жұмыстардың жалпы бағасы;
  5. әлеуетті жеткізуші Жұмыстар үшін қол қойған техникалық ерекше нұсқамадан тұратын, әлеуетті жеткізушінің қолымен бекітілген тек бір ғана баға ұсынысын береді.

Баға ұсынысы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін Жұмыстардың атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

5. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7182) 70-44-29.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға