1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Филиал ғимараттарында өрт дабылын орнату баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайта сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

№ п/п: 13594

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 09.04.2020 13:02

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 15.04.2020 18:30

Хабарламаның толық мәтіні:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалы, T01H0D6, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к.,6 Солтүстік Қазақстан филиал ғимараттарында өрт дабылын орнату (бұдан әрі – Жұмыс) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Жұмыс орындаудың талап етілетін көлемі, сатып алуға бөлінген сома:

- Сатып алу туралы шарт жобасының талаптарына (бұдан әрі – Шарт жобасы) сәйкес сатып алуға бөлінген сома,  ҚҚС есептемегенде, 8 096 398,00 теңге.

3. Сатып алынатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы:

- Шарт жобасының талаптарына сәйкес.

  1. Сатып алынатын жұмыстың техникалық ерекше нұсқамасы:

- Жұмысқа арналған Техникалық ерекше нұсқама Шарт жобасында қоса берілген.

5. Жұмысты орындау орны: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституция к-сі, 6 үй.

6. Жұмысты орындау бойынша талап етілетін мерзім:

- Шарт жобасының талаптарына сай.

7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсыну орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалы, T01H0D6, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 6 үй, 407-кабинет.

8. Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2020ж.09.04 сағат 09:00-ден бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың аяқталу мерзімі – 2020ж. 15.04 сағат 18:30-ге дейін.

9. Баға ұсыныстары бар конверттер 2020ж.16.04 сағат 09:30-де мына мекенжайда ашылады: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Солтүстік Қазақстан филиалы, T01H0D6, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 6 үй, 407-кабинет.

10. Әлеуетті жеткізуші I жауапкершіліктің категория лицензиясының болуын растауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттарды (хабарламаларды) алуға заңды қабілетін растайтын құжатты (көшірмесін) ұсынуы керек.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қорғауға жататын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қоса беріліп отырған жобалау-сметалық құжаттама жекелеген сызбалары (схемалары) шартқа және конфиденциалды ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойылғаннан кейін сатып алу жеңімпазына ұсынылатын болады.

11.Төлем талаптары:

- Шарт жобасының талаптарына сай.

12. Елеулі талаптары, оның ішінде техникалық талаптары көрсетілген шарт жобасы қоса беріледі.

13. Баға ұсынысы мөр басылған конвертте беткі жағында мыналар көрсетіле отырып, ұсынылуы тиіс:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы;
  2. осы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін (7-тармақта) сатып алуды тапсырыс берушінің (ұйымдастырушының) атауы мен пошталық мекенжайы;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы ұсынылатын Жұмысты сатып алудың атауы.

14. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысында мынадай мәліметтер мен құжаттар болуы керек (баға ұсынысының үлгісі қоса беріледі):

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы мен нақты мекенжайы, БСН/ЖСН және банктік деректемелері;
  2. көрсетілетін Жұмыстың атауы және көлемі;
  3. Жұмысты орындау орны мен мерзімі;
  4. Жұмыс бірлігі үшін бағасы мен ҚҚС есептемегендегі Жұмыстың жалпы бағасы;
  5. әлеуетті жеткізуші қол қойған Техникалық сипаттама.

15. Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз өкілеттігін құжатпен (бұйрық, сенімхат) растауы  тиіс.

16. Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрі басылған (бар болғанда) бір ғана баға ұсынысын ұсынуға құқылы.

17. Жүргізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (http://www.nationalbank.kz) интернет-ресурсында орналастырылады.

18. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8(7152) 55-15-38, 55-15-27.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға