"12cDGA – Oracle Database 12c: Data Guard Administration Oracle Database 12c: Data Guard әкімшілендіру" курстарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу
№ п/п: 13171
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 05.07.2019 17:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 15.07.2019 17:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлама
1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Адам капиталын дамыту департаменті, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй.
2. Сатып алынатын қызметтердің атауы:
Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарына сұраныс беру тәсілімен «12cDGA – Oracle Database 12c: Data Guard Administration Oracle Database 12c: Data Guard әкімшілендіру» курстарында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерінің біліктілігін арттыру қызметін сатып алу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
3. Көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі): Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1 қызметкері үшін «12cDGA – Oracle Database 12c: Data Guard Administration Oracle Database 12c: Data Guard әкімшілендіру» курстары.
4. Сатып алу үшін бөлінген сома: ҚҚС сомасын қоспағанда 441 964,29 теңге.
5. Қызмет сипаттамалары: 32 академиялық сағаттан кем емес уәкілетті курстар келесіні қамтуы керек:
- SQL және RMAN командаларын қолдану арқылы физикалық резервтік деректер базасын құру;
- Oracle Data Guard Broker модулі;
- Физикалық резервтік деректер базасын құру;
- Логикалық резервтік деректер базасын құру;
- жедел көшірме негізінде резервтік деректер базасын құру және басқару;
- Oracle Active Data Guard пайдалану;
- деректерді қорғау режимдерін орнату;
- рөлдік өзгерістерді енгізу;
- Data Guard конфигурациясында Flashback Database технологиясын пайдалану;
- Fast-Start Failover қосу;
- Клиенттік қосылуды басқару;
- Data Guard конфигурациясын пайдаланғанда дерекқор қорының жаңаруын және түзетүін орнату;
- Data Guard конфигурациясын оңтайландыру.
Сертификаттау: курстар аяқталған соң сертификат беру.
6. Қызмет көрсету орны және мерзімі: Алматы қаласында 2019 жыл ішінде жеткізушінің аумағында.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу мерзімі – 2019 жылғы «5» шілдеде сағат 17 сағат 00 минуттан бастап. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы 2019 жылғы «15» шілдеде 17 сағат 00 минут.
Баға ұсынысы, баға ұсынысы тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолмақол «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментіне келесі мекенжайы бойынша беріледі.
Баға ұсыныстары салынған конверттер 2019 ж. «15» шілдеде 17 сағат 30 минутта «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, A05B0Y8, Алматы қ., Айтеке би көш., 67-үй, Адам капиталын дамыту департаментінде №440 бөлмеде ашылады.
8. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы берілген.
9. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын көрсетуі өткізілетін сатып алудың шарттарында көзделген талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
- әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын береді.
Сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші тапсырыс беруші қол қойған және тапсырыс берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкері әр бетіне қол қойған сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және жеңімпазға жібереді (ұсынады).
Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші қол қойылған сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге беріледі.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 2788-104 (вн. 5541).
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.