1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Үздіксіз қуат беру көзіне арналған аккумуляторлық батарея сатып алу

№ п/п: 13589

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 03.04.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 09.04.2020 16:45

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) атынан, Z10K8M7, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қосалқы қызметтермен үздіксіз қуат беру көзіне арналған аккумуляторлық батареяларды сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.

Сатып алуға бөлінген соманы көрсете отырып, тауар саны: Қосалқы қызметтермен үздіксіз қуат беру көзіне арналған аккумуляторлық батарея 72 дана, сомасы ҚҚС-сыз 9 115 071,43 (тоғыз миллион бір жүз он бес мың жетпіс бір) теңге 43 тиын.

Тауардың қысқаша сипаттамасы – Қосалқы қызметтермен үздіксіз қуат беру көзіне арналған аккумуляторлық батареялар (бұдан әрі-Қосалқы қызметтермен тауар).

Қосалқы қызметтермен тауарды жеткізу орны – Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй.

Тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімдері: Тауарды жеткізу және қосалқы қызметтерді толық көлемде көрсету мерзімі тапсырыс берушіден өтініш түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

Баға ұсыныстарын ұсынудың басталу уақыты – 2020 жылғы 03 сәуір сағат 09-00 бастап, баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі­-2020 жылғы 09 сәуір сағат 16-45 дейін, баға ұсыныстарын ұсыну орны- Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинет;

Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні, уақыты және орны-2020 жылғы 09 сәуір сағат 17-00-те, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 21-үй, 1.108-кабинет мекенжайы бойынша.

Ақы төлеу талаптары - Шарт бойынша төлемді Тапсырыс беруші Жеткізушінің банктік шотына ақша аудару арқылы, Тараптардың жауапты тұлғалары тауарды толық көлемде қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі - Акт), Орнату актісін қол қойғаннан және Жеткізуші шот-фактура ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Елеулі талаптары көрсетілген шарттың жобасы және техникалық ерекше ңұсқама қоса беріледі.

Басқа ақпараттар:

Әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (ол болған жағдайда) бекітілген, қоса берілген нысан бойынша 1 (бір) баға ұсынысын ғана береді.

Әлеуетті жеткізуші ұсынған баға ұсынысына баға ұсыныстарын беру мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Баға ұсынысын әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын табыс етуді аяқтау уақыты мен күніне дейін желімделген конвертте береді.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағында:

  1. Әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.

Өткізілген сатып алудың қорытындылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Жеткізуші Шартқа қол қою кезінде келесі құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салық салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банктің анықтамасы;
  • Бірінші басшыны тағайындауға шығарылған бұйрық.
Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға