1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Дизель-генераторға және үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне қызмет көрсетуді сатып алу

№ п/п: 13570

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 16.03.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 26.03.2020 10:00

Хабарламаның толық мәтіні:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, C00Y4P0, Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 214 үй тел. 8 (7162) 55-18-00 ішкі 2221, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дизель-генераторға және үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне қызмет көрсетуді (бұдан әрі - Қызмет) сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды және сатып алуға қатысуға шақырады.

2. Дизель-генераторға және үздіксіз электр қуатын беру жүйесіне қызмет көрсету, сатып алуға бөлінген сома: ҚҚС сомасын есептемегенде  964 285,71 теңге.

3. Техникалық сипаттамасы қоса берілген.

4. Қызметті көрсету орны: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 214 үй.

5. Қызметті көрсету мерзімі: шарттың талаптарына сәйкес.

6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзімі, орны: 2020 жылғы «16» наурызда сағат 09.00-ден бастап 2020 жылғы «26» наурызда сағат 10.00-ге  дейін.

7. Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты және орны: 2020 жылғы «26» наурызрда, сағат 11.00-де, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақмола филиалы, Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 214 үй, мәжіліс залы.

8. Ақы төлеу талаптары: төлем шарттың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

9. Маңызды талаптары көрсетілген шарт жобасы сонымен қатар техникалық талаптар (бар болса)  шарт жобасы қоса беріледі.

Қосымша ақпарат.

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарламада көрсетілген ақпаратты (құжаттарды) қоса, тек 1 (бір) баға ұсынысын (нысан қоса беріледі) ұсынады.

2. Баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын беру уақыты мен күніне дейін почта арқылы немесе әдейі жабық конвертте ұсынылады.

Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында  мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің толық атауын  және пошта заңды мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының толық атауын  және пошта мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін, көрсетілетін қызметтердің  атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілі өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат, жеткізушінің мүдделерін білдіру құқығымен берілген сенімхат (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсынысы бар конвертті беру, сондай-ақ баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсіміне кіруге рұқсаты) болуы керек.

4. Әлеуетті жеткізуші Шартқа қол қойған кезде мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;

Толық мәліметтері бар банктен анықтама;

5. Жеңімпаз болып танылған әлеуетті жеткізуші Шарттың жобасына қол қояды және сатып алуды ұйымдастырушыға оған қол қойылған шарттың жобасын берген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жеткізуді ұсынады.

6. Қосымша ақпаратты 1-тармақта көрсетілген телефон арқылы алуға болады.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға