1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Интернетке қол жеткізу бойынша қызметтерді сатып алу (A01T7M2, Алматы қ., Ташкентская көш., 511 үй)

№ п/п: 13562

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 05.03.2020 09:00

Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 11.03.2020 17:30

Хабарламаның толық мәтіні:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен
сатып алуды өткізу туралы хабарландыру 

1. Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы: «ҚР ҰБ» РММ Қаржылық технологиялар департаменті, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, А15С9Т5, Алматы Қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, тел. 8 (727) 2704-557, 2704-558, 330-24-65.

2. Сатып алуды ұйымдастырушы www.nationalbank.kz интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен "Интернетке қол жеткізу қызметін сатып алу туралы" (бұдан әрі - Қызмет) сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды.

3. Сатып алу үшін бекітілген сома: 4 890 031 теңге 43 тиын ҚҚС сомасын есептемегенде.

4. Ақы төлеу талаптары: Шарттағы жағдайларға сәйкес.

5. Қызметты жеткізу мерзімі және орны: Шарттағы жағдайларға сәйкес.

6. Сатып алынатын Қызмет толық Техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген (Шарттың қосымшасы).

7. Әлеуетті жеткізушілерге баға ұсыныстарын беру орны – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, 2-кіреберіс.

8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің басталуы: 2020 ж. 05.03. 09 сағат 00 минут.

9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беру мерзімінің аяқталуы: 2020 ж. 11.03. 17 сағат 30 минут.

10. Баға ұсыныстары салынған конверттер  2020 ж. 11.03. 18 сағат 00 минутта, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш.а., 21-үй, №317/1  бөлмеде, мекен жайы бойынша ашылады.

11. Сатып алу туралы шарт жобасы және қосымша қоса беріледі.

12. Әрбір баға ұсынысы бар әлеуетті жеткізуші ұсынып отырған Қызметті техникалық ерекше нұсқама ұсынуға тиіс.  

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

1. Әрбір әлеуетті жеткізуші мынадай мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен расталып және мөрімен (бар болса) бекітілген бір баға ұсынысын ғана ұсынады:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы;
  2. жеткізілетін Қызметтің атауы;
  3. Көрсетілетін Қызметтің мерзімі;
  4. қосалқы құн салығын есептемегендегі Қызметтің бағасы және Қызметті көрсетуге байланысты шығындары қосылған жеткізілетін Қызметтің жалпы бағасы;
  5. әлеуетті жеткізуші Қызмет үшін қол қойған техникалық ерекше нұсқамасы.

Баға ұсынысы Хабарландыруға Қосымшаға сәйкес ресімделуге тиіс, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуге рұқсат берілмейді.

2. Баға ұсынысы, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстары салынған конверттер берудің түпкілікті мерзіміне дейін бекітілген конвертте пошта арқылы немесе қолына беріледі. Баға ұсыныстары салынып бекітілген конверттің беткі жағында әлеуетті жеткізуші мыналарды:

  1. әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
  2. сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
  3. қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы көрсетілетін сатып алынатын Қызметтің атауын көрсетеді.

3. Әлеуетті жеткізушінің өкілінде жеке басын куәландыратын құжат, осы сатып алу бойынша Жеткізушінің мүддесін (сатып алуды ұйымдастырушыға баға ұсыныстары салынған конверттерді беру, сондай-ақ баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне жіберу) білдіру құқығымен оның атына берілген сенімхат болуы тиіс.

4. Шартқа қол қою үшін сатып алудың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға мына құжаттардың көшірмелерін береді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса);
  • Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық және басқа құжаттар.

Дара кәсіпкер үшін: 

  1. ДК тіркеу туралы куәлік;
  2. Толық деректемелері көрсетілген банк анықтамасы;
  3. Жеке куәлігі;
  4. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер салынса).

5. Шарт жобасына жеңімпаз ретінде танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және оған сатып алуды ұйымдастырушы қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушыға береді.

6. Қосымша анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 2704-557, 2704-558, 330-24-65.

Пайдаланушының есімі мен парольді енгізіңіз
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.
Жоғарыға