Жиналмалы қақпаларды ілеспе жұмыстарымен бірге сатып алу
№ п/п: 13497
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 21.01.2020 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 31.01.2020 10:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Жиналмалы қақпаларды ілеспе жұмыстарымен бірге сатып бойынша тендер талаптарымен тендер өтетіні туралы
хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы), орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, А01Т7М2, Алматы қаласы. Райымбек даңғылы, № 511-үй, электрондық мекенжай –Abdiev@nationalbank.kz, тел. 8 (727) 25-88-779, жиналмалы қақпаларды (бұдан әрі – Тауар) ілеспе жұмыстарымен бірге сатып алу бойынша тендер өтетіні туралы хабарлайды.
Тендер талаптары:
1. Сатып алынатын Тауардың ілеспе жұмыстарымен бірге атауы, саны және ҚҚС сомасын есепке алмағанда сатып алуға бөлінген сома:
Жиналмалы қақпалар ілеспе жұмыстарымен бірге, саны 2 (екі) дана, бөлінген сома 30 255 357 (отыз миллион екі жүз елу бес мың үш жүз елу жеті) теңге 14 тиын.
2. Сатып алынатын Тауардың ілеспе жұмыстарымен бірге техникалық ерекше нұсқамасы және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері мен олардың маңыздылық көлемін бағалау критерийлері тендер талаптарының 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген.
3. Маңызды талаптары көрсетілген Сатып алу шартының жобасы тендер талаптарының 3-қосымшасында көрсетілген.
4. Тауарды ілеспе жұмыстарымен бірге жеткізу орны сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген.
5. Тауарды ілеспе жұмыстарымен бірге жеткізу талап етілген мерзім сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген.
Тендерлік өтінімді беру және ресімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2018жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 4-параграфында көзделген.
Конвертке салынып желімделген тендерлік өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушының қолына немесе тапсырыс поштаны пайлаланып мына мекенжайы бойынша береді: А01Т7М2, Алматы қ., Райымбек даңғылы, № 511 үй, 3.50-каб., «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы).
Тауарды ілеспе жұмыстарымен бірге сатып алу үшін бөлінген соманың 1 (бір) пайызы мөлшерінде Тендерге қатысуға берілген өтінімді қамтамасыз ету сомасы Қағиданың 10-қосымшасына сай нысан бойынша банктік кепілдік түрінде немесе кепілдік ақшалай жарнаны сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына салғанын растаушы төлем құжаты беріледі:
Қазақстандық теңгемен жасалатын төлемдер үшін: бенефициар – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ-дегі БСН 911241000361, ЖСК КZ66125KZTJ001100100, БСК NBRKKZKX, Коды 13;
Қамтамасыз етілмеген барлық тендерлік өтінімдерді тендерлік комиссия Қағида талаптарына сәйкес келмейтін тендерлік өтінімдер ретінде қабылдамайды.
6. Тендерлік өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі 2020 жылғы 31 қаңтар (қоса алғанда) 10 сағат 00 минутқа дейін.
7. Тендерлік өтінімдер 2020 жылғы 31 қаңтарда 11 сағат 00 минутта мына мекенжайда ашылады: А01Т7М2, Алматы қ., Райымбек даңғ., № 511 үй, 1.90. каб.
8. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті өнім берушілер 2020 жылғы 24 қаңтар 10 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша сұратумен өтініш білдіреді.
Әлеуетті өнім берушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының келесі деректемелері бойынша жолдау қажет: А01Т7М2, Алматы қ., Райымбек даңғылы, № 511 үй, электрондық пошта мекенжайы – Abdiev@nationalbank.kz, тел. 8 (727) 25-88-779.
9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) мына интернет-ресурсында тендер талаптарын түсіндіру мәтінін жариялайды: www.nationalbank.kz;
2) тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті өнім берушілерге сұратудың кімнен түскенін көрсетпей, электронды пошта арқылы тендер талаптарын түсіндіру мәтінін жолдайды.
10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2020 жылғы 28 қаңтар 10 сағат 00 минуттан кешіктірмей өз бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тендер талаптарына енгізілген өзгерістер және(немесе) толықтырулар мәтінін тапсырыс берушінің мына мекенжайына орналастырады: www.nationalbank.kz.
Тендерлік өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі кемінде 5 (бес) күнтізбелік күнге ұзартылады.
11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағиданың 50 және (немесе) 53-тармақтарында көзделген құжаттарды береді.
Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі Қағидада көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.
Әлеуетті өнім беруші өзінің тендерлік өтінімде және оған тіркелген құжаттарда берген мәліметтерінің шынайылығын растайды.
Қосымша анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (727) 25-88-779.
Тендерлік комиссия хатшысы: Абдиев Айдос Анарбекович, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары, 8 (727) 25-88-779.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.