Рентген жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті сатып алу
№ п/п: 13498
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 22.01.2020 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 28.01.2020 17:30
Хабарламаның толық мәтіні:
1.«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, L02B9P3, Орал қ., Ж.Досмухамедов көшесі, 16/1 үй, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен рентген жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Сатып алу үшін бөлінген сомалар, көрсетілетін қызметтің көлемі: 1 (бір) қызмет, 1 300 000,00 (бір миллион үш жүз мың) теңге 00 тиын ҚҚС-сыз.
3. Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол бар болса) көрсетілген сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы: Рентген жабдықтарына техникалық қызмет көрсету.
4. Сатып алынатын қызметтің ерекше нұсқамасы Техникалық ерекше нұсқамада көрсетілген (Шарттың қосымшасы).
5. Қызметті көрсету орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, L02B9P3, Орал қ., Ж.Досмухамедов көшесі, 16/1.
6. Қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімдері: 2020 жыл ішінде 2 (екі) рет, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру мерзімінің басталуы: 2020 жылғы 22 қаңтар, сағат 09:00.
8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі мен уақыты: 2020 жылғы 28 қаңтар, сағат 17:30.
9. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс ету орны: Орал қ., Ж.Досмухамедов көшесі, 16/1, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы.
10. Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны: 2020 жылғы 29 қаңтар, сағат 10:00, 312 кабинет.
11. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.
12. Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (ол бар болса) көрсетілген шарт жобасы: қоса тіркеледі.
Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын табыс етудің аяқталатын уақытқа және күнге дейін баға ұсынысын ұсынады.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын конвертте ұсынған жағдайда, әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
- әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз өкілеттігін құжатпен растауы (бұйрық, сенімхат) тиіс.
Жеткізуші Шартқа қол қойған кезде мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке:
• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе анықтама;
• ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
• Осы қызмет түрі үшін лицензия;
• Толық деректемелерді көрсетумен банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындауға бұйрық;
• Қосымша құжаттар (қажет болған жағдайда).
Жүргізілген сатып алулар қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.
Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7112) 554533.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.