Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
№ п/п: 13500
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 22.01.2020 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 28.01.2020 17:30
Хабарламаның толық мәтіні:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тауарларды,
жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу тәртібіне
9-қосымша
Нысан
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қолжетімділікті
бақылау және басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету
сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы, 030006 (D02F3E6), Ақтөбе қ., Асау Барақ көшесі, 45, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуды өткізу туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
Сатып алу үшін бөлінген сома, көрсетілетін қызметтің көлемі: 1 (бір) қызмет, ҚҚС-ты есептемегенде 1 365 000,00 теңге (бір миллион үш жүз алпыс бес мың теңге) .
Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол бар болса) көрсетілген сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы: Қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету.
Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы (ол бар болса): қоса жалғанады.
Қызмет үлгілерін тестілеу бағдарламалары (ол бар болса): жоқ.
Қызметті көрсету орны: Ақтөбе қ., Асау Барақ көшесі, 45
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру мерзімінің басталуы: 2020 жылғы 22 қаңтар, сағат 09:00.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын берудің аяқталу мерзімі мен уақыты: 2020 жылғы 28 қаңтар, сағат 17:30.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын табыс ету орны: Ақтөбе қ., Асау Барақ көшесі, 45, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Ақтөбе филиалы.
Баға ұсыныстарын ашу күні, уақыты мен орны: 2020 жылғы 29 қаңтар, сағат 09:00.
Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.
Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (ол бар болса) көрсетілген шарт жобасы: қоса жалғанады.
Әрбір әлеуетті жеткізуші хабарландыруда көзделген мәліметтерді (құжаттарды) қоса бере отырып, 1 (бiр) ғана баға ұсынысын табыс етеді.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын табыс етудің аяқталатын уақытқа және күнге дейін баға ұсынысын ұсынады.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысын конвертте ұсынған жағдайда, әлеуетті жеткізуші жабық конверттің сырт жағында мыналарды:
- әлеуетті жеткізушінің атауын және пошталық мекенжайын;
- сатып алуды ұйымдастырушының атауын және пошталық мекенжайын;
- қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін лоттың атауын көрсетеді.
Баға ұсынысы бар конвертті ұсынатын әлеуетті жеткізушінің өкілі өз өкілеттігін құжатпен растауы (бұйрық, сенімхат) тиіс.
Жеткізуші Шартқа қол қойған кезде мынадай құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік:
• Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша (егер салық салынса) тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
• Осы қызмет түрі үшін лицензия;
• Толық деректемелерді көрсетумен банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындауға бұйрық;
• Қосымша құжаттар (қажет болған жағдайда).
Жүргізілген сатып алу қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің http://www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналасатын болады.
Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7132)703-927
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.