Дизель-генераторларға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алу
№ п/п: 13502
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 23.01.2020 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 29.01.2020 17:30
Хабарламаның толық мәтіні:
1. Сатып алуды ұйымдастырушының және тапсырыс берушінің атауы және пошталық мекенжайы: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалы, 090000, Орал қ., Ж.Досмұхамедов көшесі, 16/1.
2. Сатып алуды ұйымдастырушы www.nationalbank.kz интернет-ресурсында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Дизель-генераторларға техникалық қызмет көрсету қызметін сатып алатыны туралы хабарлайды және аталған сатып алуға қатысуға шақырады.
3. Қызметтің саны және сатып алу үшін бөлінген сома ҚҚС сомасын есептемегенде:
Дизель-генераторларға техникалық қызмет көрсету, саны 1 қызмет, бөлінген сома – 1 512 000,00 теңге.
4. Ұлттық стандарт, мемлекетаралық немесе халықаралық стандарт (ол болған кезде) көрсетілген, сатып алынатын қызметтердің қысқаша сипаттамасы ерекше нұсқамада көрсетілген (Шарт жобасындағы №1 Қосымшада).
5. Қызмет көрсету орны: Тапсырыс берушінің орналасқан жерінде.
6. Қызмет көрсету мерзімі: Шарт жобасында көрсетілген.
7. Ақы төлеу талаптары: Шарт талаптарына сәйкес.
8. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру орны, басталу және аяқталу мерзімі:
Басталуы: 2020ж. «23» каңтар 09 сағат 00 минут.
Аяқталу мерзімі: 2020ж. «29» каңтар 17 сағат 30 минутқа дейін.
Беру орны – Орал қаласы. Ж.Досмұхамедов көшесі 16/1.
9. Баға ұсыныстары салынған конверттер 2020ж. «30» каңтар 10 сағат 45 минутта, Орал қаласы. Ж.Досмұхамедов көшесі 16/1, 213-кабинет мекенжайы бойынша, телефон 554-534.
10. Маңызды талаптары, оның ішінде техникалық талаптары (болған кезде) көрсетілген шарт жобасы: Маңызды талаптарын көрсете отырып, Сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілген.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.