ҚР Ұлттық Банкі» РММ Шымкент филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу
№ п/п: 13506
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың басталу күні және уақыты: 27.01.2020 09:00
Конкурстық өтінімдер және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді тапсырудың аяқталу күні және уақыты: 10.02.2020 15:00
Хабарламаның толық мәтіні:
Тендер талаптарымен тендер өткізу туралы
хабарландыру
Сатып алуды ұйымдастырушы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Шымкент филиалы, Қазақстан Республикасы, X09FOB5, Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат, электрондық пошта ukf@nationalbank.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлікпен басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес
«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Шымкент филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.
Тендер талаптары:
- Тендерге бөлінген сома ҚҚС сомасын есептемегенде 31 758 275,00 (отыз бір миллион жеті жүз елу сегіз мың екі жүз жетпіс бес теңге 00 тиын) теңгені құрайды.
2. «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Шымкент филиалының әкімшілік ғимараты мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу бойынша техникалық ерекше нұсқама (тендер талаптарына 2-қосымша), 2020 жылға арналған жұмыстар көлемінің ведомосі (Шартқа №1 қосымша).
3. Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін және олардың маңыздылығының шамасын бағалаудың өлшемшарттары (1 парақта) қоса беріледі.
4. Маңызды талаптар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы
(38 парақта) қоса беріледі.
5. Мердігердің І санатты лицензиясы болуы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес, қолда бар лицензияның шеңберінде қосалқы мердігерлік шарттары бойынша жұмыс істеуі қажет.
6. Жұмыстар мына мекенжай бойынша орындалады: X09FOB5, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат
7. Жұмыстардың орындалуының талап етілетін мерзімі Мердігер шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын толық көлемде төлеген (шарттың жалпы сомасының 30% (отыз) мөлшерінде) күннен бастап күнтізбелік 125 (жүз жиырма бес) күн.
Тендерге қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушының қолына не тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып мына мекенжай бойынша береді (жолдайды): 160012, Қазақстан Республикасы, 160012, Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат.
8. Тендерге қатысуға өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімі 2020 жылғы «10» ақпан сағат 15.00 минутқа дейін, мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат, кабинет № 304.
9. Тендерге қатысуға өтінімдер 2020 жылғы «10» ақпан сағат 16.00 минутта, мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат, мәжіліс залында ашылады.
10. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер 2020 жылғы «04» ақпанда сағат 18.30 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.
Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Шымкент филиалы, Қазақстан Республикасы, X09FOB5, Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көш., 2-ғимарат, тел. электрондық пошта ukf@nationalbank.kz (87252) 99-79-20, 99-79-21
11. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
- тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін жариялайды;
- тендер талаптарына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптары түсіндірмесінің мәтінін әлеуетті жеткізушілердің электрондық пошталары арқылы хабарлайды.
12. Сатып алуды ұйымдастырушы 2020 жылғы «06» ақпан сағат 10.00 минуттан кешіктірмей өз бастамасы бойынша не әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізеді.
Тендер талаптарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тендер талаптарына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады.
Тендерге қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын ұзартылады.
13. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарландыруда белгіленген мерзімде Қағидалардың 50 және (немесе) 53-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
Әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінімі Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
8(7252) 99-79-20.
Тендерлік комиссияның хатшысы Алмас Жақыпбекұлы Тұрар – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Шымкент филиалы әкімшілік-шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары, телефон: 8(7252) 99-79-20, ішкі н. 35-28.
Интернет-ресурстың жаңартылуына байланысты сайттың ескі нұсқасында тіркелген есептік жазбалар енді жұмыс істемейді. Қайта тіркелу қажет.